11.12.2007, 18:10 3339

2020 жылы Қазақстан шамамен 145 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр

2020 жылы Қазақстан шамамен 145 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2020 жылы Қазақстан шамамен 145 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін электр энергетикасы мәселесіне арналып парламент мәжілісінде өткен "дөңгелек үстел" барысында энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов құлағдар етті.

"Электр қуатының басым бөлігі - шамамен 80% -жылу станцияларында өндірілетінін ескере келе Қазақстанның электр қуатына, көмірге деген болашақ сұранысын қамтамасыз ету үшін біз 2020 жылға дейінгі көмір өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасын жасадық", - деді Д. Тұрғанов.

Оның айтуынша, тұждырымдамада "қазіргі бар көмір разрездерін кеңейту, жаңа көмір разрездерін салу, соның ішінде әрбір разрезде өндірілетін көмір мөлшерін арттыруға шаралар қолдану" қарастырылған.

"Тұжырымдамада 2006 жылғы 96 млн тоннадан көмір өндіру мөлшерін 2020 жылы 145,5 млн тоннаға жеткізу қарастырылған. Бұл ішкі және сыртқы нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны