10.11.2020, 18:41 8583

2020 жылға арналған болжамдаы бойынша әлемдік сауда - минус 7%-тен минус 10,6% аралығында бағаланады

2020 жылға арналған жаңартылған болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуі минус 4,4%-тен минус 7,6%, әлемдік сауда - минус 7%-тен минус 10,6% аралығында бағаланады

Алматы. 10 қараша. Kazakhstan Today - 2020 жылғы қаңтар-қазандағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІСТЕР

Қазіргі таңда әлемдік экономикада келесідей үрдістер байқалуда.

Әлемдік экономика мен саудада белгісіздік сақталуда. Халықаралық қаржы ұйымдарының 2020 жылға арналған жаңартылған болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуі минус 4,4%-тен минус 7,6%, әлемдік сауда - минус 7%-тен минус 10,6% аралығында бағаланады.

Жаһандық инвестициялар ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта 2 есеге төмендеді.

Жекелеген елдерде қайта шектеу шаралары енгізілді.

Ағымдағы жылғы 10 айда Қазақтан экономикасында келесі өзгерістер байқалады. Өндіруші емес секторларға салынған инвестициялар ұлғайды, нақты секторда өсу сақталуда, қызметтер саласы тұрақтанды және экономиканы кредиттеу ұлғаюда.

Қазан айында құркүйекпен салыстырғанда қызметтер саласы өсуде, алайда шектеулік салалары әлі де теріс әсер етуде.

10 айдың қорытындылары бойынша тауарлар өндірісі 1,9%-ке өсті. Бұл ретте, қызметтер көлемі 6,1%-ке қысқарды. Нәтижесінде жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 2,9%-ке төмендеді.

Жылдық инфляция 7,1%-ті құрады.

Нақты сектор салаларының көбі және жекелеген қызмет түрлері жақсы өсу қарқынын көрсетті. Олар құрылыс (10,7%-ке өсу), ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі.

Сонымен бірге төмендеу көлік, сауда, ғылыми және техникалық қызмет, жылжымайтын мүлікпен операциялар, әкімшілік қызмет көрсету салаларында байқалды.

10 айдың қорытындылары бойынша базалық факторлар - өндіруші емес секторларға инвестициялар, экономиканы кредиттеу, нақты сектордың өсуі және қызметтер саласының төменденуінің тұрақтануы болып табылады.

Осылайша, 10 айда кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар 14,7%-ке өсті.

Инвестициялардың елеулі көлемі тұрғын үй құрылысына 30%-ке өсумен 1,5 трлн. теңге, көлікке - 8%-ке өсумен

959 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібіне - 11%-ке өсумен 661 млрд. теңге, оның ішінде азық-түлік өнімдеріне - 20%-ке өсумен 75 млрд. теңге, ауыл шаруашылығына - 8%-ке өсумен 413 млрд. теңге тартылды.

Экономиканы кредиттеу жыл басымен салыстырғанда 3,5%-ке ұлғайды.

Кредиттердің ең көп өсуі байланыста, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және құрылыста байқалады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 5,9%-ке ұлғайды, бұл тұтынушылық кредиттердің және жалпы экономиканы кредиттеудің өсуінен жоғары.

Өңдеу өнеркәсібі салаларында өсу жеделдеді. Фармацевтика 40%-ке дейін, жеңіл өнеркәсіп

16%-ке дейін, машина жасау - 17%-ке дейін, автомобиль жасау 54%-ке дейін жеделдеді.

СЫРТҚЫ САУДА

9 айда сыртқы сауда айналымы 62,8 млрд. долларды құрады. Экспорт 35,3 млрд. долларды, импорт - 27,5 млрд. долларды құрады. Осылайша, сауда теңгерімінің оң сальдосы 7,8 млрд. доллар деңгейінде қамтамасыз етілді.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп бойынша келесідей серпін байқалады. Өңдеу өнеркәсібінде өсу 3,2% деңгейінде сақталуда. Бұл ретте кен өндіру өнеркәсібі 3,1%-ке төмендеді. Нәтижесінде, өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,4%-ті құрады.

Өңірлердің көбінде өнеркәсіптің өскені байқалады.

Ең жоғары өсуді Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары көрсетті.

6 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

Өңдеу өнеркәсібі 3,2%-ке өсті.

Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы.

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Негізгі капиталға 9,4 трлн. теңге сомасында инвестициялар тартылды.

13 өңір өсу көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында (54,3%-ке) байқалып отыр.

4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Қарағанды облыстары.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс секторы серпінді өсуді көрсетіп отыр. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,7%-ке өсті.

Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады.

10,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ке көп.

ӨҢІРЛЕР

Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей.

5 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.

Сондай-ақ 6 өңірде 3-4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді.

Бұл орташа деңгей.

2 өңірде 2 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.

Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет.

1. Бизнесті жүргізу үшін, әсіресе шектеу шаралары әсер еткен салаларда рәсімдер мен шарттарды барынша жеңілдету.

2. Іскерлік белсенділікті қолдау үшін әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтардың бизнес сұраныстарына жедел ден қою.

3. Экономиканы екінші деңгейлік банктер кредиттеуі кезінде бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды жандандыру.

4. Жергілікті атқарушы органдардың сапалы инвестицияларды тартуы бойынша белсенді және мақсатты жұмыс жасау.

5. Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде құрылатын жұмыс орындары бойынша мониторингті күшейту және тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту.

6. Тұтыну тауарларының бағаларын ерекше бақылау және тұрақтандыру қорларының тетіктерін пайдалану арқылы маусымдық ауытқуларға жол бермеу.

Жалпы орындалып жатқан шаралар әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде.

ҚР ҚМ желісі бойынша

Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері келесідей қалыптасты.

КІРІСТЕР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджетке 6,8 трлн. теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 94,7%-ке атқарылды.

Республикалық бюджетке 4 трлн. 264 млрд. теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 86,5%-ке атқарылды.

Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 667 млрд. теңгені құрады, оның ішінде салықтар - 820 млрд. теңгеге.

Бұл ретте, салықтық емес түсімдер 154 млрд. теңгеге артығымен орындалды.

Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн мен корпоративтік табыс салықтарына тиесілі болды.

Корпоративтік табыс салығының атқарылмауына мынадай факторлар әсер етті:

- негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 12,5%-ке құлдырауы;

- ағымдағы жылдың 9 айында жылдың басымен салыстырғанда әрекетсіз салық төлеушілер санының 8,1 мыңға, оның ішінде заңды тұлғалардың - 4,8 мыңға ұлғаюы;

- кәсіпорындардың күтілетін кірістерінің түспеуі. Атап айтқанда ағымдағы жылдың 10 айында республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеушілердің жартысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді азайтты;

- екінші деңгейдегі банктерден түсетін түсімдер

11,8 млрд. теңгеге азайды.

Қосылған құн салығы бойынша жоспардың негізгі атқарылмау себептері:

- өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 54,4%-ке немесе 192,1 млрд. теңгеге өсуі;

- "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,6%-ке немесе 4,3 трлн. теңгеге азайған;

- өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымының

13,2%-ке, 8 айымен салыстырғанда Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен - 12,2%-ке төмендеуі.

Дегенмен, жоспар пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық пен шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша асыра орындалды.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 113%-ке атқарылды және 2 трлн. 490 млрд. теңгені құрады.

Жалпы жоспар 286 млрд. теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша - 264 млрд. теңгеге.

Барлық өңірлерде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды.

Жақында 2020 жылдың нақтыланған бюджеті қабылданды, онда салықтар және салықтық емес түсімдер бойынша жоспарлар түзетілді.

Қаржы министрлігінің алдында тұрған басты міндет - кірістер бойынша нақтыланған жоспардың толық орындалуын қамтамасыз ету.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,7%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары - 98%-ке атқарылды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 11 трлн. 284 млрд. теңгені құрады.

32 млрд. теңге атқарылмаған.

Оның ішінде үнемдеу - 8 млрд. теңге, игерілмегені - 24 млрд. теңге.

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарының жүргізілуі, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеудің созылуы.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,4 трлн. теңгені құрады.

Атқарылмағаны - 128 млрд. теңге.

Ағымдағы жылы өңірлерге 2,3 трлн. теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген.

Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қарашаға 1,7 трлн. теңге бөлінді.

Олардың 98,2%-і игерілген.

Атқарылмағаны - 31 млрд. теңге, оның ішінде 7 млрд. теңге үнемделді, 24 млрд. теңге игерілмеді.

Қаржы жылының аяқталуына дейін аз уақыт қалды.

Осыған орай орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты ғана емес,

сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген ақшаны да игеруді жеделдетуі қажет екенін еске саламын.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША

Өткен 10 айда камералдық бақылаумен сомасы

9,3 трлн. теңгеге шамамен 1,3 млн. мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.

Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 698 млрд. теңгеге бұзушылықтар ескертілді.

1,6 мың аудиторлық іс-шара өткізілді.

Аудитпен 872 млрд. теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Сомасы 198 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 172 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 411 ұсыным берілді.

Оның ішінде 1 101-і орындалды.

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША

2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды.

2020 жылы 74 объектіні іске асыру жоспарлануда.

Оның 39-ы сатылымға шығарылды.

Есепті кезеңде сомасы 100,4 млрд. теңгеге 7 объекті сатылды.

Сауда-саттықта 32 объекті тұр.

6 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.

16 объекті жыл соңына дейін сатуға қойылатын болады.

13 объект бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды.

ҚР ИИДМ желісі бойынша

ӨНЕРКӘСІП

Бүгінгі таңда экономиканың өсуі баяуласа да, өңдеу өнеркәсібі - өсімнің негізгі драйвері болып отыр.

2020 жылдың 10 айының қорытындысында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 3,2% өсті.

Өңдеуші саланың барлық секторында оң динамика байқалады.

Машина жасау саласында биыл 10 айда тұрақты өсім сақталды.

Есепті кезеңде саланың нақты көлем индексі 116,5% (пайызды) құрады.

Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 53,6% (пайызға), өзге көлік құралдарын жасау 87,1% (пайызға), электр жабдықтарын жасау 3,0% (пайызға), машиналар мен жабдықтар өндірісі 4,3% (пайызға) өсті.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі 1,9% (пайызға) артты.

Оған тазартылған алтын 6,4%(пайызға), раффинирленген мыс 8%(пайызға), құйма алтын өндіру 35%(пайызға), түйіршіктердегі күміс 25% (пайызға), бастапқы алюминий 1% (пайызға) және басқа да көрсеткіштердің өсуі арқылы қол жеткізілді.

Қара металлургияда өсім 0,3% (пайыз) болды.

Арматура прокаты 11% (пайызға), ферро-силико-марганец 13% (пайызға), арматуралар, шарлар және домалақ шыбықтардың тауар өндірісі 3% (пайызға) өсті.

Жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа өндірістерді жолға қою арқылы фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,7% (пайызға) артты.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 16,4% (пайызға) өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 4,4% (пайызға), киімнің 1,4% (пайызға) және былғары өнімдердің 160,3% (пайызға) ұлғаюына байланысты болды.

Қағаз және қағаз өнімдері өндіріс көлемінің өсімі 15,0% (пайызды) құрады.

Ағаш және тығын бұйымдарының өндіріс көлемі 52,6% (пайызды) артты.

КӨЛІК

Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 82,7% (пайызды) құрады.

Пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, жекелеген бағыттарда өсім болды.

Контейнерлердің транзит тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4% (пайызға) артып, 718,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі

3,2 млрд. тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,9% (пайызды) құрады.

2020 жылдың қазан айында тасымалданған жолаушылар саны қыркүйек айымен салыстырғанда 15,5% (пайызға) өсті.

Әуемен жолаушылар тасымалы 1,6% (пайызға) артып,

621 мың адамды құрады.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік тасымалдар 10% (пайызға) немесе 5 100 жиырма фунттық баламаға артып, 55 900 жетті.

Жүк тасымалы саласында да өсім бар. Атап айтқанда, қазан айында жүк тасымалының жалпы көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 3,4% (пайызға) өсті.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7% (пайызды) құрады.

15 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында биылғы 10 айдың қорытындысында 10 млн. 744 мың шаршы метр баспана салынды. Бұл - өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,7% (пайыз).

Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді.

15 өңірде бұл салада көрсеткіш артты.

ҚР АШМ желісі бойынша

Ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындылары бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,2%-ға ұлғайып, 5,4 трлн. теңгені құрады.

Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,1%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстар бөлінісінде 3 облыста республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды: Қостанай облысы - 121,3%, Ақмола облысы - 114,1% және Павлодар облысы - 105,5%.

Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі көрсетілген кезеңде 2,7%-ға ұлғайып, 2,1 трлн. теңгені құрады.

Бұл ретте тірідей салмақтағы ет өндіру көлемі 3,7%-ға, сүт 3,1%-ға ұлғайды.

Көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,4%-ға өсіп, 1,6 трлн. теңгені құрады.

Атап айтқанда, өңделген күріш өндіру көлемінің 36,8%-ға, сары майдың 17,1%-ға, шұжық өнімдерінің 14,6%-ға, макаронның 9,7%-ға, жарманың 5,6%-ға, ұнның 5,1%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 4,5%-ға, ірімшік және сүзбенің 2,1%-ға артқаны байқалды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 7,5%-ға ұлғайып, 412,5 млрд. теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 20,1%-ға артып, 75,3 млрд. теңгені құрады.

Жалпы Үкімет жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық шараларды қабылдауда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны