Система Orphus

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер туындайды

06.03.2020, 22:10 6724

Алматы. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша міндеттемелер

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі - ТIЖ) рәсімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.

Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.

ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:

-ТІЖ ресімдеу ережесі және олардың құжат айналымы, ТIЖ-ның техникалық сипаттамасы: http://kgd.gov.kz/ru/content/soprovoditelnaya-nakladnaya-na-tovary-1;

-ТІЖ-мен жұмыс бойынша пайдаланушының нұсқаулығы: http://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1.

ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стенде https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/ қол жетімді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны