05.05.2020, 17:00 5317

2020 жылы 1,2 миллионнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарлануда

2020 жылы 1,2 миллионнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарлануда

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - 2020 жылы 1,2 миллионнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарлануда.

Жұмыспен қамтудың жол картасы (бұдан әрі - ЖҚЖК) және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында ағымдағы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына шамамен 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Еңбекмині басшысы барлық өңірде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыс орындарын құру жөніндегі іс-шараларды қарастыратын 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын, басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтитын кешенді жұмыспен қамту жоспарлары бекітілгенін мәлімдеді.

"Барлық іске асырылып жатқан бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылы жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту мүмкіндігі бар. Соның ішінде 855 мың адам ЖҚЖК және "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша назарға алынса, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдар қосымша 364 мың адамды қосымша қамтуды жоспарлап отыр", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны