19.02.2020, 18:43 7592

2020 жылы Екібастұз ГРЭС-2 станциясын кеңейту және реконструкциялау жобасының жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізу аяқталмақ

Екібастұз ГРЭС-2 нысанында жаңа энергия блогын іске қосу белгіленген қуат көлемін 636 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Екібастұз ГРЭС-2 Директорлар кеңесі станциядағы 3-ші энергия блок құрылысының жобасын одан әрі іске асыруды қолдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты. Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг басшысының айтуынша, 2020 жылы Екібастұз ГРЭС-2 станциясын кеңейту және реконструкциялау жобасының жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізу аяқталмақ.

Екібастұз ГРЭС-2 нысанында жаңа энергия блогын іске қосу белгіленген қуат көлемін 636 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді.

"Самұрық-Энерго" 2021 жылы жобаға жұмсалған қаржының өтелуін қамтамасыз ету мақсатында Нарық кеңесіне қуат нарығы аясында 2025 жылдан бастап қуатқа жеке тариф белгілеуге рұқсат алу үшін өтінім беруді жоспарлап отыр.

2019 жылғы желтоқсан айында "Самұрық-Қазына" АҚ ресейлік "ИНТЕР РАО ЕЭС" ОАО компаниясынан станцияның 50-пайыздық акциялар үлесін сатып алғаны белгілі, бүгінгі күні Қор "Самұрық-Энерго" АҚ-пен бірлесе отырып "Екібастұз ГРЭС-2 станциясына" тепе-теңдік негізде иелік етеді.

Электр энергетикасы саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында талқыланды.

Анықтама:

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы акцияларының 100% "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны