11.02.2020, 23:59 3932

2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендейді

2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендейді, яғни 7800 үлескер пәтер алып, құжаттарын рәсімдей алады.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - 2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендейді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Территория комфорта - 1" тұрғын үй кешенін сүру қарқынын арттырып, үй құрылысына кірісуді тапсырды. "Басты міндет - үлескерлерге кілттерді табыстау, инвестор анықталды".

Тұрғын үй кешені 2004 жылы салына бастады. Үйді техникалық тексеруден өткізу нәтижесінде ғимараттың апатты екені анықталды. Құрылысшы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданған. Ауа-райына байланысты қаңтар айында үйді сүру қарқынын төмендетуге тура келді. Қазір жұмыстар қайта жанданды, құрылыс қарқынын жеделдетеміз", - деді "Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бөлшектеу жобасының жетекшісі Алиакбар Үмбеталин. 2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендейді, яғни 7800 үлескер пәтер алып, құжаттарын рәсімдей алады. Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Әрбір үлестік құрылыс объектісі бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны