27.01.2020, 17:40 19107

2020 жылы Үкімет 7 стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жалғастырады

Үкімет жұмысының маңызды басымдықтарының бірі - өнімдің жұмыс орындарын құру. Экономиканың барлық салаларында 430 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Үкімет 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарып, 2020 жылға міндеттер қойды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен осы жылға арналған міндеттер туралы баяндады.

Премьер-Министр 2019 жылы Үкімет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын, "Nur Otan" партиясының 28 съезінде белгілеген міндеттерді орындауға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға бағытталған жұмысты атқарғанын атап өтті.

2020 жылы Үкімет 7 стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жалғастырады:

1.Инвестициялық қызметті жандандыру үшін Үкімет 44 трлн теңге сомасына 2 мыңнан астам жобадан тұратын пул қалыптастырды.

2.Үкімет жұмысының маңызды басымдықтарының бірі - өнімдің жұмыс орындарын құру. Экономиканың барлық салаларында 430 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

3.Тұрғындарды тұрғын үймен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында:

-2020 жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. 150 мыңнан астам отбасы баспаналы болады; 2024 жылы 328 млрд теңге сомасына 53 тазарту желісі жаңғыртылып, қайта жөнделеді, оның 11-і бойынша жұмыстар 2020 жылы басталады;

-газдандыру бойынша 44 жобаны іске асыру нәтижесінде тұрғындарды табиғи газбен қамту 1,2 млн адамға дейін артады.

-"Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында 190 ауылда сапалы инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жаңа стандарттарға сай 800-ден аса жоба жүзеге асырылады. 7 жылға 900 млрд теңге қарастырылған;

-әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін одан әрі қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады;

-2026 жылға дейін ел өңірлерінде 19 ірі заманауи медицина орталығы құрылады;

-Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 210 млрд теңге сомасына тірек ауруханаларының құрылыс басталады;

-2020 жылы "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 2,6 мың шақырым жол салынып, қайта жөнделеді;

4.2020 жылы индустриялық-инновациялық даму үшінші бағдарламасы іске асырыла бастайды.

Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 1,1 трлн теңге сомасына 160 жоба іске асырылады.

2020 жылы шикізаттық емес экспорт көлемін $3 млрд-қа $18,6 млрд дейін арттыру көзделген.

5.2020 жылы отын-энергетика ресурстарын өңдеу көлетін арттыру жұмыстары жалғасады.

90 млн. тонна мұнай мен 56,5 млрд. куб. м. газ алу жоспарланған.

Отын-энергетика кешені жобаларына салынатын инвестициялар көлемі 2 трлн теңге.

6.Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге баса назар аударылады:

-2020 жылы саланың өсу қарқыны 6%-ға қамтамасыз етіледі;

-АӨК өнімдерінің импортын 6%-ға азайту;

-40 мың жаңа жұмыс орнын құру;

-алдағы 5 жылда 4,4 трлн теңге сомасына 387 жоба іске асырылады;

-оның ішінде 2020 жылы 559 млрд теңгеге 94 жоба іске асырыла бастайды.

7.Цифрландыру:

-тұрғындарды Интернет желісі қызметімен 93%-ға дейін қамтуды арттыру шаралары қабылданатын болады; электронды форматтағы мемлекеттік қызметтер деңгейін 90%-ға дейін жеткізу; тұрғындардың цифрлық сауаттылығы деңгейін 80%-ға жеткізу;

-"Ақылды қалалар" жобасын іске асыру;

-Назарбаев Университетімен және Дүниежүзілік банкпен орталықта және жергілікті жерлерде мемлекеттік органдарда жасанды интеллект технологиясын енгізу бойынша жоба әзірленуде;

-Smart Data Ukimet жобасы аясындағы цифрлық жобалар мәліметтер интеграциясын қамтамасыз етуге, терең талдау жасауға, құжаттар айналымын төмедетуге;

-2020 жылы АКТ саласында 137 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған, сондай-ақ цифрландыру есебінен 10 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны