11.02.2021, 17:26 11268

Қазақстан мен Ресей 2021 жылы тауар айналымының төмендеуін өтеуге ниетті

Екіжақты және көпжақты форматта елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында тұрақты байланыстарды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Нұр-Сұлтан. 11 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 10 ақпанда Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі М. Г. Решетниковпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кездесу барысында тараптар COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты шектеулерге қарамастан, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен экономикалық өзара іс-қимылы сыртқы сын-қатерлерге қарсы төзімділік танытқанын атап өтті. Екіжақты тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-қарашада 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,6% - ке (17,2 млрд. АҚШ доллары) қысқарды", - деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Тараптар 2020 жылы өзара сауданың көлемі мен серпініне эпидемияға қарсы шектеулер әсер еткенін атап өтті. Олардың жойылуына және жағдайдың қалыпқа келуіне қарай 2021 жылы өткен жылғы шығындар өтелетін болады және елдер арасындағы сауда айналымы орнықты өсу траекториясына шыға алады.
 
Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар ЕАЭО шеңберіндегі одан әрі екіжақты өзара іс-қимыл мен әріптестік мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
 
Екіжақты және көпжақты форматта елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің басшылығы деңгейінде тұрақты байланыстарды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны