08.12.2022, 08:50 16116

2021 жылы қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға күріш экспорттады

Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді
Астана. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында бұл елдерге 119,9 мың тонна күріш экспортталды.

Қазақстандық күріштің негізгі импорттаушылары Ресей (37,6 мың тонна), Тәжікстан (30 мың тонна) және Өзбекстан (26,7 мың тонна) болды.

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 мың тонна күріш жөнелткен. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр. Сонымен қатар, бұл дақыл өткен жылы АҚШ, Иран, Израиль және Украинаға жеткізілген.

Өткен жылы Қазақстанда 209,6 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі ҚР нарығындағы күріштің жағдайына түсініктеме берген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны