02.12.2022, 10:32 22276

2023 жылға арналған ЕТЖ, ең төменгі зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері белгіленді

2023 жылға арналған ЕТЖ, ең төменгі зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері белгіленді
Астана. 2 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ел Президенті қол қойған "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында ең төменгі жалақының, ең төменгі зейнетақының мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі және басқа да базалық көрсеткіштер белгіленген.

Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай мөлшерді белгілеуді көздейді:

  • ең төменгі жалақы - 70 000 теңге;

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 24 341 теңге;

  • ең төменгі зейнетақы - 53 076 теңге;

  • айлық есептік көрсеткіш - 3450 теңге;

  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 40 567 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 желтоқсанда 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет туралы Заңға қол қойды.

Бұған дейін Қазақстанда ЕТЖ анықтаудың жаңа әдістемесін енгізу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны