03.12.2019, 22:57 76248

Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды

2025 жылға дейін ӨД МБ қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды.

Алматы. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндама жасады.

ӨД МБ іске асыру елде урбанизация деңгейін 2025 жылға қарай кемінде 62%-ға жеткізуге мүмкіндік береді, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымын, жалпы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.

2025 жылға дейін ӨД МБ қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Басымдықтар ретінде дамыту анықталды:

бірінші деңгейлі орталықтарын бар төрт агломерацияны (өсу орталықтарын) - елордалық, Алматы, Шымкент, Ақтөбе агломерацияларын;

екінші деңгейлі қалалардағы орталықтарымен 14 урбанизацияланған аймақты - облыс орталықтары мен Семей қ.;

18 шекара маңы шағын қалалар мен шектес аумақтарды, сондай-ақ тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын моноқалаларды;

"Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді. 3477 тірек және серіктес ауылдар өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес толық нысандармен және қызметтер қамтылатын болады. 7 млн ауыл тұрғынының немесе ауылдықтардың 90%-ның өмір сүру сапасы артады.

"ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан - 2050" стратегиясында және "Nur Otan" партиясының филиалдарымен жақында өткен кеңейтілген отырыста еліміздегі қалалық тұрғындар үлесін 2050 жылға қарай 70%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді урбанизациялау маңыздылығын атап өтіп, көші-қон үрдістерін басқару бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы урбанизацияның адамдардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды екенін айтты. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындарының саны 15%-ға артты. Қазір Қазақстанда қала тұрғындарының үлесі 58,2% құрайды.

"Біз кенттену процесін айқын басқарылатын үрдіске айналдыруға ұмтылудамыз, сондықтан қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әір де жүргізу қажет. Бұл ретте біздің басты міндетіміз - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қалалыққа жуықтайтын инфрақұрылым құру. Мұндай мысалдар бізде бар", - деді А. Мамин.

Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығының нәтижелері:

-4 ірі агломерацияның (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары мен оларға іргелес елді мекендерінің) халық саны 1 млн. адамға артты.

-Моноқалаларда сумен жабдықтау желілерінің тозуы 10% және электр желілерінің тозуы 12% төмендеді.

-17 мың маманға "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген бюджеттік кредит берілді.

-Ауылдарды абаттандыру бойынша 8 мың жоба іске асырылды.

-700 мыңға жуық ауыл тұрғындары үшін инфрақұрылым жақсарды

Аталған іс-шараларға барлығына 252 млрд теңге бөлінді.

Осы бес жылда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 1,4 трлн. теңге бөлінді.

2020 жылдан бастап сумен жабдықтау, су бұру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері де "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Өңірлер - бүгінде

Бүгінде 17 өңірде 87 қала мен 6,5 мың ауыл бар.

2015 жылдан бастап урбандалу деңгейі 58,2% дейін өсті. Миллион тұрғыны бар қалалар саны 3-ке жетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 ірі қалада 1,5 есе артты.

Өңірлік саясат басымдықтары

Қазақстан-2050 стратегиясы және Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспары шеңберінде өңірлік саясат басымдығы басқарылатын урбандалуды қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа бағдарламада елдің дамуы үшін маңызды институционалдық жағдайлар айқындалған.

Бұл - экономикалық өсу "орталықтарын" қалыптастыру, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, барлық өңірлерде базалық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.

Жаһандық тренд - урбанизация

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі ең жоғары - 58,2%, алайда, ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда төмен. Ол елдерде бұл көрсеткіш 77% құрайды.

Урбандалу деңгейін 1% арттырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,12% құрайды.

2025 жылға Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттары

I.Урбандалған аймақтар арқылы өсу орталықтарын дамыту.

II."Ауыл - Ел бесігі" шеңберінде тірек және спутниктік ауылдарды жаңғырту.

III. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу.

Бүгінде өсу орталықтары анықталған: 4 агломерация, 14 ірі урбандалған аймақ, 18 шалғайдағы моноқалалар мен шекара маңындағы шағын қалалар.

Жаңғырту

"Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарының 90% немесе 7 млн. адам тұратын 3 477 ауыл жаңғыртылады.

Олар сапалы инфрақұрылымға қол жеткізетін болады: су, жарық, жылу, жол желілері, мектептер, ауруханалар.

Қаржыландыру көлемі

Барлығы 1,3 трлн. теңге бөлу көзделеді, оның ішінде ауылдарды дамытуға 2026 жылға дейін 900 млрд. теңге бөлу туралы мәселе қосымша пысықталуда.

ӨД МБ - 2025 нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу

-Урбандалу деңгейін 62%-ға дейін жеткізу;

-ЖІӨ 0,52%-ға арттыру;

-Өңірлік теңсіздіктер қысқарады;

-Халықтың нақты ақшалай табыстары 25%-ға өседі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны