27.05.2014, 22:53 3417

2030 жылға қарай көгілдір отын өндірісі 60 млрд текше метрге артпақ - МГМ

Оның айтуынша, қазіргі таңда газ саласындағы басым бағыттардың қатарына өңірлердің көгілдір отынмен қаматамсыз етілуі мен республиканың ішкі нарығына үздіксіз газ жөнелтумен қамтамасыз ету.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. 2030 жылға қарай Қазақстанда көгілдір отын өндірісі шамамен 60 млрд текше метрге дейін арттырылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

"Көгілдір отын ресурсының шамамен 80%-ы мұнай сипатында болып келеді. Осыған орай соңғы жылдары әлемде қатпарлы тасты газға көңіл аударылып, сонымен қатар көгілдір отынды өңдеу мен азайту жұмыстарын кеңейту шаралары байқалуда. Осы себепті Мемлекет басшысы тапсырмасымен министрлік биылғы жылдың төртінші маусымында қарауға ұсынылатын газ саласын дамыту тұжырымдамасын дайындауда. Ол отандық көгілдір отын өнеркәсібінің дамуына айтарлықтай серпін бермек", - дейді министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда газ саласындағы басым бағыттардың қатарына өңірлердің көгілдір отынмен қаматамсыз етілуі мен республиканың ішкі нарығына үздіксіз газ жөнелтумен қамтамасыз ету.

"Бұл біздің мақсатымыз, сол үшін газ желісі инфрақұрылымын дамыту, елді-мекендерді көгілдір отынмен қаматамасыз ету, табиғи газды коммерциялау, газ химиясын дамытуға баса назар аударылмақ", - дейді ол.

"2030 жылға қарай Қазақстанда көгілдір отын өндірісі шамамен 60 млрд текше метрге дейін арттырылмақ. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 40 млрд текше метр деңгейінде. Газды кері айдаудың күтіліп отырған көлемі шамамен 25 млрд шаршы метр деңейінде", - дейді Ұ.Қарабалин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны