24.08.2006, 15:29 2937

22 тамыздағы жағдаймен 1588 мыңнан астам ауыл шаруашылығы санағының субъектілері санаққа алынды

АЛМАТЫ. 24-тамыз. Kazakhstan Today. 22 тамыздағы жағдай бойынша 4 мыңнан астам заңды тұлғалар немесе санаққа жататын субъектілердің жалпы санының 44% санаққа алынды, бұл осы күнге белгіленген шаманың 62%; жүз мыңнан астам шаруа (фермер) қожалықтары, тиісінше 57% және 119% құрайды; 1236 мыңнан астам үй шаруашылықтары - 61% және 126%; екі жүз қырық мыңнан астам саяжай учаскелері - 47% және 97%. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлерден келіп түскен жедел ақпарат санақтың жалпы алғанда бір қалыпты жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Тұрғындардың басым көпшілігі сұхбат жүргізушілердің сұрақтарына ықыласпен және шын көңілден жауап береді, бұл акцияға саналылықпен қарайтындықтарын білдіруде.

Павлодар облысында жалған санақ жүргізушілердің, яғни ауыл шаруашылығы санағына ешқандай қатысы жоқ адамдардың азаматтардан сауалнама жүргізген екі оқиғасы тіркелді. Халықтың назарын сұхбат жүргізушілердің мөр басылған түрлі-түсті куәлігі, сондай-ақ санақ парақтарының түрлі-түсті бланкілері салынған көк портфельдері бар екендігіне аударғымыз келеді. Үй шаруашылықтарын сауалнамаға қамту респонденттердің айтқаны бойынша жүзеге асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны