26.10.2020, 18:40 7086

Қазақстан Швейцарияға 275 млн.$ өз тауарларын жеткізе алады

- Мысалы, жуырда Женевада 275 млн. $ тұратын 40 тауарлардың тізімін ұсындым, оларды Қазақстан Швейцария нарығына қосымша жеткізе алады. Бұл мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия өнімдері және құрылыс тауарлары.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Швейцарияға 275 млн.$ өз тауарларын жеткізе алады.

Бүгін 2020 жылғы 26 қазанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі.

Ол сауда ведомствосының ел Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтып, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттері нені қамтитынын, не істелгенін және сауда мен экспорт көрсеткіштері ел экономикасына қалай әсер ететінін түсіндірді.

- Біз өндірістік мүмкіндіктерімізді және әлемдік сауда нарығын талдадық. Экспортты арттыру үшін жалпы сомасы 13,4 млрд.$ асатын 16 неғұрлым перспективалы сектор анықталды, - деп түсіндірді Сауда министрі.

Ол әр ел үшін өз тауарларының тізімі құрылғанын айтты:

- Мысалы, жуырда Женевада 275 млн. $ тұратын 40 тауарлардың тізімін ұсындым, оларды Қазақстан Швейцария нарығына қосымша жеткізе алады. Бұл мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия өнімдері және құрылыс тауарлары.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны