16.01.2012, 16:03 4086

27 кәсіпорын "Өнімділік-2020" бағдарламасына қатысатын болады

2011 жылы Қазақстанда "Өнімділік-2020" бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарламада бес қаржы құралы, атап айтқанда, әл-ауқатты бағалау, құрылғы сатып алу, монтаждау және іске қосу, шетелдік мамандарды тарту, заманауи басқару және өндірістік технологияларды енгізу құралдары жұмыс істейді.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - 27 кәсіпорын "Өнімділік-2020" бағдарламасына қатысатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі таңда қазақстандық 27 кәсіпорын "Өнімділік-2020" бағдарламасының қатысушысы атанған.

2011 жылы Қазақстанда "Өнімділік-2020" бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарламада бес қаржы құралы, атап айтқанда, әл-ауқатты бағалау, құрылғы сатып алу, монтаждау және іске қосу, шетелдік мамандарды тарту, заманауи басқару және өндірістік технологияларды енгізу құралдары жұмыс істейді.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, 27 кәсіпорын бағдарлама қатысушысы атанып үлгерді. Ал қаржылық тұрғыда бұл жобалар 40 млрд. теңгеден астам сомаға бағалануда. Жаңғырту нәтижесінде еңбек өнімділігі 3 есеге дейін артып, қуаттылық 80 пайызға жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны