31.01.2019, 15:57 22027

28 қаңтарда елордаға 1 8245 тонна көмір жеткізілді

2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін көмірдің 339,5 мың тоннасы сатылды.

Астана. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - 28 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 15 714,2 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

28 қаңтарда елордаға 1 8245 тонна көмір жеткізілді. Оның 345 тоннасы - "Майкөбе", 690 тоннасы - "Қаражыра" маркалы көмір. Ал көмірдің бағасы төмендегідей: "Шұбаркөл" тоннасы - 11300 теңге, "Қаражыра" тоннасы - 13 200 теңге, "Майкөбе" тоннасы - 12 000 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.

2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін көмірдің 339,5 мың тоннасы сатылды.

Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. "I-Kөмек 109" негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны