10.06.2013, 13:09 4125

300 мың шаршы метрге жуық мемлекеттік меншіктегі нысандар жекешелендірілуі мүмкін

Қазақстандағы мемлекеттік меншіктегі стратегиялық емес нысандарды тексеру барысында 507 мың шаршы артық алаңдардың 294 мың шаршы метрге жуығын жекешелендірудің екінші толқынын өткізуге ұсынылған, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - 300 мың шаршы метрге жуық мемлекеттік меншіктегі нысандар жекешелендірілуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандағы мемлекеттік меншіктегі стратегиялық емес нысандарды тексеру барысында 507 мың шаршы артық алаңдардың 294 мың шаршы метрге жуығын жекешелендірудің екінші толқынын өткізуге ұсынылған, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

"507,5 мың шаршы метрден 101,6 мың шаршы метр мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды орналастыру үшін, 111,9 мың шаршы метр әлеуметтік объектілерді беру үшін және 294 мың шаршы метрді жекешелендіруге ұсынылды", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 18 мың 456 мемлекеттік заңды тұлғаға тексеру өткізді, бұл тексеруге жатқызылғандар санының 100 % құрады.

Оған қоса, Өңірлік Комиссиялар 507,5 мың шаршы метр артық алаңдардың хаттамалық шешімдерін қарады және ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны