28.07.2017, 19:37 4645

312 шақырымдық "Талдықорған - Өскемен" және 184 шақырымдық "Үшарал-Достық" автожолдарыныӊжөндеу жұмыстары таяу уақытта басталады

"Талдықорған - Өскемен" автокөлік жолыныӊ жөндеу жұмыстары таяу уақытта басталатын болады. Бұл өз кезегінде Алакөл көлі жағалауында туризмді дамытуға үлкен септігін тигізбек.

Талдықорған. 28 шілде. Kazakhstan Today - "Талдықорған - Өскемен" автокөлік жолыныӊ жөндеу жұмыстары таяу уақытта басталатын болады. Бұл өз кезегінде Алакөл көлі жағалауында туризмді дамытуға үлкен септігін тигізбек.

Ұлттық экономика министрлігініӊ мәліметі бойынша, "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ аясында автокөлік саласын дамыту бағытында 17 жоба жүзеге асырылуда. Соныӊ ішіне 312 шақырымдық "Талдықорған - Өскемен" және ұзындығы 184 шақырым болатын "Үшарал-Достық" автожолдары да енгізіліп отыр.

Қазіргі кезде аталмыш автомобиль жолдарын жөндеудіӊ жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, зерттеу (изыскательный) жұмыстары жүргізілуде.

Алакөл туризмі үшін инфрақұрылымды дамыту аса маӊызды. Бұл істі Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Амандық Баталов ерекше назарға алып келеді. Мәселен, бұған дейін 2015 жылдан бастап "Жетіген-Достық-Жетіген" темір жол байланысы мемлекет тарапынан субсидиялау негізінде қолға алынса, биылғы жылғы шілденіӊ 21-нен Астана мен Талдықорғаннан Үшаралға әуе қатынасы ашылған болатын. Енді оған қоса Талдықорған мен Үшаралдыӊ арасындағы автомобиль жолы жөнделсе, туризм үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен кеше облыс әкімдігініӊ отырысы өтіп, онда өӊірдіӊ биылғы жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және II жартыжылдыққа арналған міндеттер туралы мәселе қаралды.

- "Береке", "Талдықорған" индустриалды аймақтарына инвестиция тартумен түбегейлі айналысу қажет. Инженерлік жүйелері тартылып, дайын тұрған алаӊдардыӊ бар екенін кәсіпкерлерге, инвесторларға жеткізіп айту үшін қажет болса инвестфорумдар өткізіӊіздер, көрсетіӊіздер, ұсыныӊыздар. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті одан әрі дамытуымыз керек. Өнеркәсіп өндірісінде бірінші жартыжылдықтыӊ осы өсім деӊгейін сақтауға тиіспіз. Исіресе, жүйеқұраушы кәсіпорындардыӊ өндіріс қарқынын ерекше назарда ұстаӊыздар. Жаӊа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау, шағын несиелер беру мен оны игеру, кооперативтер құру мәселесі де қадағалауда болсын, - деді А. Баталов.

Сонымен қатар жылыту маусымына дайындық шараларын, жаӊа оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс жаӊа мектептердіӊ құрылысын бақылауды, тұрғын үй құрылысы мәселелерін де тұрақты назарға алуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны