02.11.2019, 14:19 8897

Қазақстанның ішкі әуетасымал нарығының көлемі 33% өсті

Салыстырмалы түрде 2018 жылы әуетасымалы ең қарқынды дамыған, яғни жолаушылар саны 19% өскен ел Үндістан болған екен.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан - әлемдік әуе нарығындағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Бұл көрсеткішті 2019 жылдың қазан айының нәтижесімен былтырғы жылдың дәл осы мезгілі нәтижесін салыстыра отырып байқауға болады - жолаушылар саны 33% өскен екен. Салыстырмалы түрде 2018 жылы әуетасымалы ең қарқынды дамыған, яғни жолаушылар саны 19% өскен ел Үндістан болған екен.

1-29 қазан аралығында FlyArystan 105 000 адамды тасымалдаса, ұшақ борттарын 94% жүктеген. Ал рейстерді уақытылы орындау көрсеткішін 93% жеткізген. Әуе лайнердің паркке қосылуынан кейін бағдарлар кестесі кеңейіп, FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Павлодарға, Шымкентке, Тараз бен Семейге жаңа рейстерді ашты. Сонымен қатар желтоқсанда төртінші борттың келуінен кейін FlyArystan алғашқы халықаралық Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейстерін ашуды жоспарлап, астанадан Қостанайға және Алматыдан Семейге жаңа бағыттарды ашуды көздеп отыр.

2020 жылы лоукостер паркі қосымша 6 әуелайнермен толығып, жылдың бірінші жартысында Қарағанды мен Ақтөбеде аймақтық бекеттерін ашуды жоспарлауда. Осының арқасында әрбір елді мекенде жергілікті халық арасынан 100-ден астам адам жұмыс орнымен қамтылады. Аталмыш бекеттерге жұмысқа қабылдау басталғанын атап кеткен жөн. Келесі жыл соңына дейін ұшақтар саны өсіп, бағдарлар кестесін 40 бағытқа дейін жеткізу көзделуде.

"Қазанда жолауышылар саны 33% өскенін ескере отыра, FlyArystan отандық авиацияның дамуына үлесін қосқанын нық айтуға болады. Ал әуефлоттың кеңеюінен кейін, 2020 жылы Қазақстан әлемдегі ішкі әуенарығы ең қарқынды дамыған ел болатыны сенім туғызады. Бұл FlyArystan бюджеттік компаниясына, Эйр Астана компания тобы мен жалпы бүкіл қазақстандықтарға жағымды жаңалық болатыны сөзсіз" - деп ойымен FlyArystan лоукостерінің басшысы Тим Джордан мәлім етті.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 3 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған. 2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Аз уақыт бұрын лоукостер бекеттері Алматы, Қарағанды мен Ақтөбеде негіздейтіні туралы мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны