09.11.2015, 14:31 4019

3500 борышкердіӊ ипотекалық қарыздары қайта қаржыландырылды - ҚР Ұлттық банкі

ҚР Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасыныӊ жүзеге асуы туралы хабарлады

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасыныӊ жүзеге асуы туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, 3500 борышкердіӊ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бүгінгі таӊда банктер Бағдарлама шегінде қарыздарды қайта қаржыландыруға 11 мыӊ өтінім қабылдады. Оныӊ ішінде 6 мыӊ өтінім бойынша қайта қаржыландыру туралы оӊ шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банкке ҚР Үкіметімен бірлесіп ипотекалық қарыз алушылардыӊ проблемаларын шешу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын іске асыру барысында Ұлттық Банк екінші деӊгейдегі банктердіӊ ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру үшін 130 млрд. теӊге бөлді.

Ұлттық Банк Басқармасы 2015 жылы сәуірде арнайы бағдарлама бекітті.

Бағдарлама қарыз алушылардыӊ кепілге берілген жалғыз тұрғын үйін сақтау, қарызды өтеуде қарыз алушылардыӊ еӊ көп санына жәрдемдесу және проблемалық кредиттердіӊ үлесін төмендетуге бағытталған.

Бағдарламаныӊ талаптарына сәйкес, бөлінген ақшаны игеру кезеӊі "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тыӊ банкте салымды орналастыру күнінен бастап 9 айды құрайды. Ақша банктерде ағымдағы жылғы маусым-шілдеде орналастырылды, тиісінше игеру кезеӊі 2016 жылғы наурыз-сәуірде аяқталады. Осы орайда қарыз алушылар банктерге қарыздарын қайта қаржыландыру үшін өтініштерін және құжаттарын беруді жеделдетуі қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны