13.05.2020, 20:00 10928

Металл кендерін өндіру 3,7%, металлургия өнеркәсібі 4,1% өсті

Тау-металл кешенінде өндіру мен өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылы өндіріс көлемі арғы жылмен салыстырғанда 4,1 % артып, 4,8 трн. теңгеге жетті.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан - көптеген шикізат тауарларын және металл өндіру көрсеткіші бойынша әлемде жетекші орынға ие. Минералдардың таралуы, қоры және ресурстары елімізде пайдалы қазбаларды әзірлеу мен өндіруді кеңейтуге мүмкіндігі мол екенін дәлелдейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша салада көптеген көрсеткіштер бойынша өсім байқалды. Тау-металл кешенінде өндіру мен өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылы өндіріс көлемі арғы жылмен салыстырғанда 4,1 % артып, 4,8 трн. Теңгеге жетті. Металл кендерін өндіру 3,7%, металлургия өнеркәсібі 4,1% өсті.

Алайда, қазіргі жағдайда жоғары бөліністі өндіріс жеткілікті дамымаған кезде отандық металлургия саласы металдардың әлемдік бағасына тәуелді болып отыр. Ал бұл сала қазір коронавирустық пандемия және әлемдік экономикалық конъектураның нашарлауы салдарынан өзгеріске ұшыруда.

Қазақстанның ішкі нарығы әлі күнге дейін дайын бұйымдардың импорттық жеткізілуіне тәуелді. Бұл аралас тұтынушылар арасында жеткілікті кооперация мен жоғары технологиялық қуаттардың жетіспеуінен туындап отыр.

Осыған байланысты, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті металлургия өнеркәсібін, атап айтқанда, қосылған құны жоғары өнім өндірісін одан әрі дамыту жобасын әзірледі. Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің жобалық кеңсесінің отырысында саланы дамыту жөніндегі одан арғы жұмыс жоспары ұсынылды.

Қазақстанда өндіруге тиімді өнімді анықтау мақсатында макроөңірлер бойынша (макроөңір елдеріне Қытай, РФ, БР, Украина, ОА елдері, Кавказ елдері, Иран жатады) алюминийден, мыстан және болаттан жасалған өнім импорты талданды.

Мыс өнімдерінің әлемдік импорты 169,3 млрд. АҚШ долларын құраса, алюминий 194 млрд. АҚШ доллары, ал болат импорты 434 млрд. АҚШ долларын құрайтыны белгілі болды.

Макроөңір елдері шеңберіндегі импорт көрсеткіші: мыс өнімдері 48,9 млрд. АҚШ доллары, алюминий өнімдерінің құны 9,6 млрд. АҚШ доллары және болат 12 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Нәтижесінде кадрлардың мүмкіндігін, шикізат пен логистиканың қолжетімділігін ескере отырып, Министрлік Қазақстан Республикасының шикізат тауарларын одан әрі өңдеуді дамыту жөніндегі Жол картасын әзірледі.

Мысалы, бүгінде Қазақстанда 3,8 млн. тонна алюминий кендері (бокситтер) өндіріледі, ол 1,4 млн. тонна сазбалшыққа өңделеді. Оның шамамен 850 мың тоннасы экспортқа (РФ, ҚХР, Тәжікстан) кетіп, тек 550 мың тоннасы ел ішінде металға (265 мың тонна алюминий) дейін өңделеді. Оның ішінде 30 мың тоннасы дайын өнімге дейін жеткізіледі. Алюминий өндірісін одан әрі дамыту үшін:

- "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ жобасын іске асыру есебінен 500 мың тонна бастапқы алюминий алумен 1 млн тоннаға дейін сазбалшықты қайта өңдеуді ұлғайту (+250 мың тонна);

- дайын өнім шығару бағытындағы жобаларды іске асыру арқылы дайын өнім шығару көрсеткшін 100 мың тоннаға дейін жеткізу: фольга (15 мың тонна), банкілер (15 мың тонна), сым (16 мың тонна), листопрокат (15 мың тонна), радиаторлар (12 мың тонна), профильдер (13 мың тонна), ұнтақтар (4 мың тонна).

Қосымша құны жоғары өнім шығару бағытындағы іс-шаралар мыс, болат, титан өнеркәсібінде де көзделген. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында 4-ші және 5-ші қайта өңдеу өнімдері өндірісінің артуы есебінен экспорттық әлеуетті кеңейту міндеті тұр. Яғни, Қазақстан өнімін, шикізатын барынша қайта өңдеу және жоғары қосылған құнмен сатуға болатын дайын бұйымдарды өндіру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны