07.05.2019, 14:13 10114

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландыру 42 млрд теңгеге дейін ұлғаяды

Осы уақытқа дейін Бағдарлама шеңберінде 13 500 астам автомобиль сатылды.

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде 2015 жылдан бері агенті болып келе жатқан "Қазақстанның Даму банкі" АҚ ("Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) мемлекеттік көздер қаражатынан кезекті саны бойынша төртінші траншты бөлді. Республикалық бюджеттен алынған 8 млрд теңгені Банк: "Сбербанк" АҚ еншілес банкіне, "Банк Центр Кредит" АҚ, "Евразиялық банк" АҚ-ға 2 млрд теңгеден, "Қазақстанның халық банкі" АҚ-ға және ВТБ банк АҚ еншілес банкіне (Қазақстан) - 1 млрд теңгеден жіберді. Бұдан басқа, автомобильдер мен арнайы мақсаттағы автотехника сатып алатын жеке тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға Банктің еншілес компаниясы "ҚДБ-Лизинг" АҚ 2 млрд теңге бөлді.

ҚР жеке тұлғаларын-резиденттерін отандық өндірістің жеңіл автокөліктерін сатып алуға кредит берудің шарттары: номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 % аспайды, кредиттеу мерзімі 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы - теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны - 15 млн теңгеден аспайды, сұратылатын бастапқы жарнаның деңгейін коммерциялық банктер өздері белгілейді.

Төртінші транштың қаржыландыру лимиттері ҚР-да жеңіл автокөлік өндіретін екі өндірушінің арасында теңдей бөлінеді:

- "СарыаркаАвтоПром" ЖШС - 4 млрд теңге

- "Азия Авто" АҚ - 4 млрд теңге.

Қарыз алушыларға автомобильдердің "Kia", "Chevrolet", "Skoda", "Hyundai" және т.б. сияқты брендтерінің шамамен 50 моделі ұсынылады.

Бұған дейін Бағдарлама шеңберінде қаражаттың үш траншы бөлінген болатын: 2015-2016 жылдары - Ұлттық қордан жалпы сомасы 26 млрд теңге бірінші және екінші транштар, 2018 жылы - Республикалық бюджеттен 8 млрд теңге сомасындағы үшінші транш бөлінді. Төртінші траншты ескергенде, 20 жылға дейін есептелген Бағдарламаны қаржыландыру 42 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Бағдарлама бойынша кредит берудің револьверлік сипаты бар: қолданыстағы кредитті өтеу төлемдері жаңа кредиттеуге бағытталады. ҚДБ оператор банктердің кредит қаражатын игеруіне тұрақты мониторинг жүргізеді.

Осы уақытқа дейін Бағдарлама шеңберінде 13 500 астам автомобиль сатылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны