"42 500 теңге" әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді
Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - "42 500 теңге" әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді.
"42 500 теңге" төлемі тағайындалмағанмен келіспейтін азаматтардың өтініштеріне байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төлемдер тағайындау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) жоғарыда көрсетілген төлем тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қарау алгоритмін реттейтін түзетулер енгізді.
Бұрын "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет.
Өтініш беріледі:
Жұмыс беруші тарапынан - ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.
Өз бетінше - әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі - АҚС) бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Растайтын құжаттар тізбесі:
Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:
- жалақысы мақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
- жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).
ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);
- табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).
АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:
- заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.
Оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесіне беріледі, ол "Өтініш берушінің электрондық іс макетін" қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттармен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді. Облыстық (қалалық) штаб "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындау құқығының бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесіне және одан әрі МӘСҚ филиалына беріледі.
Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 23%-ға өсті
Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі - негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Оның ішінде аллюминий 10,8%-ға, мырыш 24,1%-ға түскен", - деді М. Такиев.
Мемлекеттік аудит бойынша осы жылдың 2 айында 3,8 трлн теңгеден астам сомаға 142 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 18 240 рәсімде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91%-ын орындады", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ды құрады
Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек", - деді Олжас Бектенов.
Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", - деді Олжас Бектенов.
Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау жөніндегі барлық іс-шара сапалы жүзеге асырылып, уақтылы аяқталуға тиіс. Бұл ретте сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдауға барынша басымдық берілуі қажет. Сондай-ақ әзірленіп жатқан Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нығайтуға бағытталған жобаларды көздеген жөн", - деді Үкімет басшысы.
Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚТЖ Қытайдан тасымалдау географиясын кеңейтуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мұнай өндірісін ерікті қысқартуды ұзартады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Standard&Poor's Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ақпан айында Қазақстанда инфляция 9,3% құрады
Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы 9,3% құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мобильді аударымдарды бақылау: қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есеп жасау үлесі өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2024 жылдың қаңтар айында темір жолы арқылы Қытайға жөнелтілген экспорт көлемі бір млн тоннаны құрады
Қытаймен қатынаста ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43% асып, 1 млн тоннаны құрады. Бұл ретте темір рудасының экспорты 19%-ке, астық - 37%-ке, қара металдар - 2 есе, түсті металдар - 2,2 есе өсті. Сондай-ақ контейнерлерде экспортқа жүктерді тасымалдау 2,2 есе өсті", - деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
18.03.2024, 12:08Алматыда жеті жасар Каринаны өлтірген өгей ана сотталды 18.03.2024, 15:53 21496АИТВ, қант диабеті және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар тегін емделеді - Денсаулық сақтау министрлігі18.03.2024, 16:16 21181Қызылорда облысының прокурорлары екі айда 40 млн. тг. алимент өндірді18.03.2024, 16:21 20021Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігі Алматыға қайтарылды18.03.2024, 16:40 19681Бектенов ЕАДБ басшысымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
14.03.2024, 22:03 94846Астана қаласында су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде14.03.2024, 22:00 94566Самұрық-Қазына президентке есеп берді14.03.2024, 21:57 91466Цифрлық даму министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен кездесу өткізді16.03.2024, 15:08 61196Семей қаласыда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды14.03.2024, 21:54 59431Түркістан облысындағы су құрылыстарын реконструкциялау қарқынды жүргізілуде
06.03.2024, 20:30 119246Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде06.03.2024, 20:19 110026Үрімшіде Қазақстан мен Қытайдың туристік әлеуетін ілгерілету және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында туристік форум өтті07.03.2024, 15:56 105416Қазақстан мен Сауд Арабиясы бірге жел электр станциясын салады06.03.2024, 20:08 104966Көлік министрлігі халықаралық жүк автотасымалдау нарығын алыпсатарлардан тазартуға ниетті07.03.2024, 13:23 104746Қазақстан тұтыну несиелерінің мөлшерлемесін төмендетуді жоспарлап отыр