26.11.2019, 15:31 19810

Маңғыстауға биыл 445 млрд.теңге инвестиция тартылды

Маңғыстау. 26 қараша. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингкте Маңғыстау облысы әкімі С.Трұмов өңірдегі кәсіпкерлік саласын өркендету, инновациялық бизнес бастамаларды қолдау және инвестициялық потенциалды арттыру жөнінде мағлұматпен бөлісті.

Бүгінгі таңда өңірдегі кәсіпкерлер саны 54 мыңға жуықтады. Ал бюджет қазынасын молайтатын салымдардың 22,5 пайызы шағын және орта бизнес субьектілерінен түскен. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы іске қосылғалы бері облыста құны 87 млрд. теңгені құрайтын 935 жоба жүзеге асқан. Ал биыл 4 млрд. теңгеге 170 жоба субсидияланған. Осы жұмыстар нәтижесінде 5000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып, 13 636 жұмыс орны сақталды.

Биыл жеке кәсібін жүргізуге ынталы азаматтарға 2,2 млрд. теңгеге шағын несие берілсе, жаңадан іске қосылған 279 жоба аясында 397 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал "Нұр Капитал" өңірлік бағдарламасы бойынша 2,2 млрд. теңгеге 113 жоба қаржыландырылып, 932 жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендеді. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар арқасында 30 мыңнан астам жұмыс орны пайда болды.

Өңір басшысы кәсіпкерлік өрісін кеңейтуде "Атамекен" ҰКП өңірлік филиалдары қызметі маңызын ерекше атап өтті. Мәселен, палата қолдауымен Жаңаөзен қаласында "Кәсіп түбі -нәсіп" жобасы іске асырылуда. Бұл жоба экономикасы мұнай шикізатына тәуелді қала дамуына оң ықпал етері анық. Жоба аясында қаланың жұмыссыз тұрғындары өз ісін бастау үшін арнайы кеңес алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласы бойынша "Бастау бизнес", "Жас кәсіпкер" бағдарламалары бойынша 491 адам оқып, 37 млн. теңгеге 77 жоба іске асқан.

Сондай-ақ баспасөз мәслихатында Маңғыстау өңірінің инвестициялық әлеуеті жайлы мағлұмат берілді.

Қазіргі таңда Маңғыстау аумағында 763 шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Олардың қатарында Еуропа, АҚШ, Қытай, Жапония, Корея және т.б. 47 елден келген мекемелер бар. Өткен аптада өңірдің экономикалық дамуына оң серпін беретін жаңа жобалар құрылысы бастау алды. Оның бірі - құны 1,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын метанол мен олефин өндіретін зауыт. Өндіріс ошағы "АқтауТеңізПорты" АЭА-да бой көтереді. Инвестициялық жоба 2023 жылы іске қосылады. Зауыт құрылысына 4000 жұмысшы жұмылдырылады, ал зауыт іске қосылысымен 700-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

Екіншісі - Каспий теңізі түбінен Әзірбайжан бағытына қарай талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жобасы. Құны 60 млн. АҚШ долларын құрайтын ауқымды жоба аясында 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Теңіз түбінде жүргізілетін желі ұзындығы 400 шақырымды құрайды. Секундына 4-6 терабит ақпарат алмасу қуатына ие жоба Еуропа мен Азия арасын жалғайтын сандық телекоммуникациялық дәліздің негізіне айналады.

Биыл Маңғыстау өңіріне тартылған инвестиция көлемі - 445 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны