14.06.2019, 23:40 9926

Германия компаниялары Қазақстан экономикасына шамамен 4,6 млрд АҚШ доллар инвестиция құйды

Соңғы жылдары Германия компанияларымен бірлесіп құрылыс, машина жасау, өнеркәсіп өндірісі және т. б. салаларында 19 ірі инвестициялық жоба іске асырылды.

Нұр-Сұлтан. 14 маусым. Kazakhstan Today - Германия Қазақстанның ЕО-дағы жетекші серіктестерінің қатарына кіреді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар тұрақты өсу динамикасымен және экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерімен сипатталады. Берік шарттық-құқықтық база құрылды, диалогтық алаңдар мен институттардың елеулі саны жұмыс жасауда, атап айтқанда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы, Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі, Герман өкілдігінің Орталық Азиядағы өкілдігі, Берлин Еуразиялық клубы және басқалар.Елімізде герман инвестицияларының шамамен 90% - ы экономиканың шикізаттық емес секторына, атап айтқанда, қосылған құны жоғары өнім шығаратын қайта өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Соңғы жылдары Германия компанияларымен бірлесіп құрылыс, машина жасау, өнеркәсіп өндірісі және т. б. салаларында 19 ірі инвестициялық жоба іске асырылды.

2005-2008 жылдар аралығында герман компаниялары Қазақстан экономикасына шамамен 4,6 млрд АҚШ доллар инвестиция құйды.

Бүгінде Германиямен инвестициялық ынтымақтастықтың табысты мысалдары ретінде "Siemens","Heidelbreg Cement", "Knauf", "Linde", "Wilo", "Bayer AG"сияқты жетекші герман компанияларының қатысуымен жүзеге асырылған жобаларды айтуға болады. Олар өндіретін өнімдер тек Қазақстан нарығында ғана емес, көрші елдерде де жақсы танымал.

Неміс бизнесімен табысты ынтымақтастықтың ең айқын мысалдарының бірі, кішігірім көтерме сауда форматындағы әлемдегі ірі дүкендер желісі "Metro Cash & Carry-дің" Қазақстандық нарыққа шығуы болды.Қазіргі уақытта Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Шымкент қалаларында 6 "Метро" сауда орталығы жұмыс істейді және 1500 жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Құрылыс материалдарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы -"HeidelbergCement" Қазақстан нарығындағы 2005 жылдан бастап жұмыс жасауда. 2 мыңнан астам қызметкер цемент, бетон және инертті материалдар шығаратын бірнеше жергілікті компанияларда жұмыс істейді. Компанияның Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, Шымкент қаласында үш цемент зауыты, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында жұмыс істеп тұрған бетон зауыттары бар.

Екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында қазіргі уақытта неміс капиталының қатысуымен шамамен 20 жоба оларды өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы салаларына тарту үшін әзірленуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны