Система Orphus

Арыс қаласының 58 мың тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы алып жатыр

19.08.2019, 19:49 59590

Нұр-Сұлтан.19 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. Бүгін Арыс қаласының 58 мың тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы алып жатыр.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны