Қазақстанда жұмыс істеуге берілген 681 рұқсат қағазы қайтарып алынды, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды
Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын реттеу шараларын жетілдіру туралы өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жалақысы аз жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда еңбек қатынастары мәселесі өте маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы, Үкіметтің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің назарындағы негізгі жұмыстар халықтың жалпы табысын арттыруға бағытталған, оның ішінде жұмыс істеп жүрген азаматтардың еңбекақысын арттыру да бар.
"Төмен жалақы алатындардың мәселесіне келсек, бізде еңбек заңнамасында тек төмен жалақы мөлшері реттелген, басқасының бәрі жұмыс берушінің құзырында. Сондықтан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауына сәйкес, жыл басынан бері Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге - 28 000 теңгеден 42 500 теңгеге дейін артты. Оған қоса, 25 АЕК дейін, яғни 63 000 теңгеге дейінгі көлемде еңбекақы алып жүрген азаматтардың салық жүктемесі 10 есе азайтылуда", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Биылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы 30%-ға артты. Ал жекеменшік кәсіпорындар бойынша, Елбасының әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде жұмыс берушілерді төмен жалақы алатын жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге үндеуінің негізінде бұл жұмыстар кәсіподақтармен бірге жүргізіліп жатыр.
"Жыл басынан бері елімізде 2,7 мың кәсіпорын аз жалақы алып жүрген 1,2 млн жұмыскерінің жалақысын орта есеппен 32,5%-ға көбейтті. Бұл әлі де жеткіліксіз - біздің еліміздегі кәсіпорындар санының жартысынан сәл ғана жоғары. Сондықтан, кәсіпорындардың басшыларын осыған атсалысуға шақырамыз. Азаматтардың табысы өскен сайын ел тұрғындарының әл-ауқаты да арта түспек", - деді министр.
Бұл ретте, 2020 жылдан мемлекет тарапынан бюджеттік салаға қатысты бірқатар шаралар қолға алынады. Атап айтқанда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға, мәдениет саласындағы қызметкерлернің еңбекақысы 35%-ға, кейбірінің жалақысы 50%-ға дейін, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30-60%-ға дейін көбейеді.
Cондай-ақ, министр қазақстандық және шетелдік жұмыскерлердің жалақыларының сәйкессіздігіне жол берген жұмыс берушілерге қатысты мәселеге тоқталып өтті. Биыл тамыз айынан бері ҚР Бас прокуратурасының қолдауымен еңбек инспекциясы 30-дан астам шетелдік мамандар жұмыс істейтін 95 кәсіпорында тексеру жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде, аталған кәсіпорындарда еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 930 факті анықталып, жойылды. 25 кәсіпорында жалақы және еңбек шарттарының сәйкессіздігі бойынша 474 факті анықталды. Заңнамаға сәйкес аталған кәсіпорындардың басшыларына қатысты шаралар қабылданды, ұйғарымдар жасалды, 2 млн теңгеге айыппұл салынды. Қазақстанда жұмыс істеуге берілген 681 рұқсат қағазы қайтарып алынды, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды.
"Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен прокуратура жергілікті және шетелдік қызметкерлердің еңбекақысының тең болуын қамтамасыз етуді талап етуде. Компаниялардың көбі қазақстандықтардың жалақысын өсіріп жатыр, дегенмен, шетелдіктердің жалақысын төмендету фактілері де бар. Яғни, бұл жұмыс берушінің шешіміне байланысты. Бастысы, ол талаптарды орындауы тиіс - бірдей лауазымдарда, бірдей атқарылатын жұмыста және біліктілігі тең жағдайда еңбекақы мөлшері бірдей болуы керек", - деді Б. Нұрымбетов.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан президенті Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірінің директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов ауыл шаруашылығындағы ең проблемалы мәселелерді атады
Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет. Сонымен қатар агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Ең алдымен, бұл - минералды тыңайтқыштардың, пестицидтер мен өсімдіктерді қорғайтын басқа да құралдардың қажетті мөлшерін қолдануға қатысты мәселе. Бізде тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми қажеттіліктің небәрі 21%-ын ғана құрады", - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіруде. Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек", - деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мобильді аударымдарды бақылау: Қаржы министрлігі кәсіпкерлер үшін жаңа критерий енгізуде
Қазір біз үшінші критерийді талқылап жатырмыз, сома 255 мың теңгеден жоғары. Біз банктермен жұмыс жасадық, адамдар мобильді аударымдарға қайта көшуде. Қаңтарда 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер (ЖК) тіркелді, ақпанда 70 мыңға жуық. Яғни, заңдастыру және сол жерде болған адамдарды көлеңкеден шығару жұмыстары жүріп жатыр, біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді министр.
Біз банктермен сөйлестік, қолма-қол ақша айналымы қайтадан төмендеп жатыр, адамдар мобильді аударымдарға қайта оралуда. Бұл тіркеу мәселесі. Үш ай және бір жылда 255 мың теңге ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен жоғары болса, ол тіркелуі керек. жеке кәсіпкер. Бұл заң", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 23%-ға өсті
Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі - негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Оның ішінде аллюминий 10,8%-ға, мырыш 24,1%-ға түскен", - деді М. Такиев.
Мемлекеттік аудит бойынша осы жылдың 2 айында 3,8 трлн теңгеден астам сомаға 142 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 18 240 рәсімде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91%-ын орындады", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ды құрады
Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек", - деді Олжас Бектенов.
Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", - деді Олжас Бектенов.
Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау жөніндегі барлық іс-шара сапалы жүзеге асырылып, уақтылы аяқталуға тиіс. Бұл ретте сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдауға барынша басымдық берілуі қажет. Сондай-ақ әзірленіп жатқан Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нығайтуға бағытталған жобаларды көздеген жөн", - деді Үкімет басшысы.
Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚТЖ Қытайдан тасымалдау географиясын кеңейтуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мұнай өндірісін ерікті қысқартуды ұзартады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.03.2024, 10:14БҚО-да су тасқыны қаупі төнген аудандардан 500 адам эвакуацияланды 29.03.2024, 10:20 3646ҚР Украинадағы Елшілігі қазақстандықтарға Одесса мен Харьковтан кетуге кеңес береді29.03.2024, 10:35 2591Қазақстан президенті Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірінің директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады29.03.2024, 10:28 1841Қазақстандағы су тасқыны: су тасқыны қаупі бар аймақтардан 4,6 мыңнан астам адам эвакуацияланды29.03.2024, 10:52 1401Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
25.03.2024, 14:07 50626ҚР Көлік министрлігінің басшысы Қытай тарапымен екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады24.03.2024, 21:55 46376Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде26.03.2024, 18:22 45291Батыс Қазақстанда уәкілетті экономикалық оператордың құқықтары қорғалды26.03.2024, 18:15 45251Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды25.03.2024, 21:31 45121Қарым-қатынастың жаңа дәуірі: Астанада Кипрдің елшілігі ашылады
20.03.2024, 21:43 129751Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді06.03.2024, 20:30 120491Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде20.03.2024, 12:12 117196ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты20.03.2024, 12:29 116951Қазақстанда бизнес үшін жаңа бірыңғай цифрлық жүйе құрылады20.03.2024, 12:19 116906Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді