04.03.2013, 15:01 3078

6 мыңға жуық штаттық бірлік орталық мемлекеттік органдардан жергілікті деңгейлерге тапсырылады

"Бәрін қосқанда штат санының шамамен алты мың бірлігін орталық атқарушы деңгейден жергілікті деңгейге тапсырамыз", - деді Е.Досаев Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта сөйлеген сөзінде.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметтерді орталықсыздандыру үдерісі шеңберінде шамамен 6 мың штаттық бірлікті орталық мемлекеттік органдар деңгейінен жергілікті атқарушы органдар деңгейіне тапсыру жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

"Бәрін қосқанда штат санының шамамен алты мың бірлігін орталық атқарушы деңгейден жергілікті деңгейге тапсырамыз", - деді Е.Досаев Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, ол 4,5 мың бірлік орталық атқарушы органдар есебінен және 500 бірлік бос жұмыс орны және облыстық деңгейдегі әкім аппараттарын оңтайландыру есебінен тапсырылатынын атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар қатарын кеңейту болжануда.

"Біз сәуір айында "Жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін анықтап айыру бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарауға ұсынуды жоспарладық. Заң жобасының негізгі нормалары республикадан облыстарға, облыстан ауданға, ауданнан ауыл мен округке айқын тапсыру және қызметтерді орталықсыздандыруды қарастырады", - деп айқындады министр.

Осылайша, Е.Досаев атап өткендей, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы қосарланушы қызметтердің 95 пайыздан астамы жойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны