17.10.2019, 19:18 11995

Батыс Қазақстан облысының аудиторлары 70 млн теңгенің негізсіз бөлінген субсидияларын анықтады

Ағымдағы жылы сот орындаушылары жалпы Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кіріске 25 млн. теңгені өндіріп алды, оның ішінде 10 млн. теңге прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес өндіріп алынған.

Орал. 17 қазан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысының аудиторлары 70 млн теңгенің негізсіз бөлінген субсидияларын анықтады. 55 шаруа қожалығы күмәнді мәліметтер берген. Облысың екі ауданында бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Қазталов ауданындағы 24 шаруа қожалығында 40 млн теңгенің ұсынылған мәліметтері сәйкес келмеген. Субсидиялар мал шаруашылығы қожалықтарының жайылымдарын суландыру инфрақұрылымын құруға және шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржының бір бөлігі бюджетке қайтарып алынған.

Жәнібек ауданындағы 10 шаруа қожалығында да 6 млн теңгеден астам сомада берілген субсидия бойынша мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған.

Жалпы алғанда, Батыс Қазақстан облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 186 аудиторлық іс-шара өткізген. Бюджет занамасын бұзу оқиғалары 41 млрд теңгеден асады.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекшісі Бауыржан Қабдыраштың айтуынша, облыста жол берілген негізгі бұзушылықтар қаржылық есептемені бұрмалау болып табылады.

Аудиторлар мал шаруашылығы қожалықтарының жайылымдарды дамытуға берілген инвестициялық субсидияларды артығымен төлеу оқиғаларын анықтаған. Олар процессуалдық шешім қабылдауға шара қолданды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында заңсыз алынған субсидияларды өндіріп алу туралы сот шешімдері бір жылдан астам уақыт бойы орындалмаған. Теректі аудандық прокуратурасы атқару өндірісін тексеру нәтижелері бойынша бюджетке 6,4 млн. теңге өндіріп алды, ал бұл істер 2018 жылдың шілде айынан бері қолға алусыз жатқан.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының Ауданаралық мамандандырылған экономикалцық сотының 2018 жылғы 24-ші сәуірдегі шешімімен "Батыс Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің шаруа қожалығынан жасанды құжаттар ұсыну арқылы 2016 жылы заңсыз алған 6,2 млн. теңге көлеміндегі субсидияны өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Ағымдағы жылы сот орындаушылары жалпы Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кіріске 25 млн. теңгені өндіріп алды, оның ішінде 10 млн. теңге прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес өндіріп алынған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны