03.01.2018, 14:31 5179

70 мыӊға жуық оӊтүстікқазақстандық 2017 жылы табиғи газбен қамтылуға қол жеткізді

2017 жылы газдандыру бойынша атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесінде жыл соӊында 59 нысан ел игілігіне тапсырылған. Оныӊ ішінде 70 мыӊға жуық халық мекендейтін 44 елді мекен "көгілдір отынныӊ" қызығын көре бастайды.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысында халықты табиғи газбен қамту жұмыстары қарқын алды. Яғни облыста 89 нысанныӊ газдандыру құрылысы жүргізіліп, жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Аталған жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттен 13,4 млрд. теӊге көлемінде қаржы бөлінген. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті.

2017 жылы газдандыру бойынша атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесінде жыл соӊында 59 нысан ел игілігіне тапсырылған. Оныӊ ішінде 70 мыӊға жуық халық мекендейтін 44 елді мекен "көгілдір отынныӊ" қызығын көре бастайды. Осылайша, табиғи газбен қамту көрсеткіші 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарында 344 елді мекенге жетпек. Бұл дегеніміз облыстыӊ 1 млн 825 307 тұрғыны газбен қамтылмақ. Осы жылы құрылысы жүрген қалған нысандар жеткізгіш газ құбырлары мен АГТС-тер болып отыр. Бұл көрсеткіш өткен 2016 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өскен.

Айта кетейік, өӊір басшысы Жансейіт Түймебаевтыӊ тапсырмасымен облыстыӊ елді мекендерін 2017-2021 жылдар аралығында газдандырудыӊ кешенді іс-шара жоспары әзірленген болатын. Осыған сәйкес 2021 жылы облыста қосымша 383 елді мекенге табиғи газ жеткізу жоспарлануда.

Газдандыру жұмыстарына қаралған жоғарыда аталған қаржыға бұдан бөлек, облыстыӊ экономикасыныӊ барлық секторларын табиғи газбен 2050 жылдарға дейін қамтамасыз ету мақсатында 15 автоматтандырылған газ тарату станцияларыныӊ (АГТС) құрылыстары да кіріп отыр. Оныӊ төртеуі, яғни, Түркістан, Иқан, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалаларында ел игілігіне берілген. Үш автоматтандырылған газ тарату станцияларыныӊ құрылысы жыл соӊына дейін аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны