28.07.2014, 20:06 6256

842 колледждің 27-сі ғана жұмыс кадрын дайындайды - ҚР Жұмыс берушілердің конфедерациясы

"Мәселен, елдегі 842 колледждің 27-сі ғана жұмыс кадрын дайындайды, жұмыс берушілер жүздеген маманнан айырылады,оның ішінде барлығы жұмысқа орналаса алмай жұмыссыздардың қатарын толтырады", - деді Н. Қадыров.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Елдегі дуалды оқыту білім беру жүйесін дамыту бойынша ҚР ҰКП жұмыс сапары барысында ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясының президенті Наджат Қадыров шешуі керек 4 проблеманы атап өтті.

"Мәселен, елдегі 842 колледждің 27-сі ғана жұмыс кадрын дайындайды, жұмыс берушілер жүздеген маманнан айырылады,оның ішінде барлығы жұмысқа орналаса алмай жұмыссыздардың қатарын толтырады", - деді Н. Қадыров.

Конфедерация басшысы кадрды дайындау сапасы жұмыс берушілердің көңілінен шықпайтынын атап өтті. Оның айтуынша, білікті мамандарға қосымша қаржы төлеу арқылы білім беруге тарту қажет. Кеңес заманында кәсіпорындар колледждер мен оқу орындарына өздерінің білікті мамандарын білім беру үшін жіберетін.

Н. Қадыров колледждердегі тамақтандырудың жоқтығын атап өтті. Себебі, колледжде оқитын балалардың көпшілігі аз қамтылған жанұялардың қатарында.

Сондай-ақ, ол жатақхананың жетіспеушілігі, техникалық-материалдық базаның ескіруі, жұмысшы мамандығы беделінің түсуі сынды өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Наджат Қадыровтың айтуынша, аталмыш проблемалардың шешілуі тек кәсіптік-техникалық білім беру заңының өзгеруі арқылы ғана шешіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны