14.09.2012, 15:48 3155

8 айдың ішінде еліміздің ІЖӨ-нің өсімі 5,6 пайыз болды

Өткен жарты жылдың ішінде Кеден Одағы елдері арасындағы өзара сауда айналымы 13 миллиард доллардан асты. Ал, 8 айдың ішінде еліміздің негізгі капиталына 3 триллион 10 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - 8 айдың ішінде еліміздің ІЖӨ-нің өсімі 5,6 пайыз болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен жарты жылдың ішінде Кеден Одағы елдері арасындағы өзара сауда айналымы 13 миллиард доллардан асты. Ал, 8 айдың ішінде еліміздің негізгі капиталына 3 триллион 10 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған.

Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайыловтың айтуынша, өнеркәсіп өндірісі, өңдеу өнеркәсібі сияқты бірқатар салаларда өсім байқалады. Ал, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 794,4 миллиард теңгені құраған. Сыртқы сауда айналымының ауқымы 17 пайызға ұлғайып, 78 миллиард теңгеге жетті. 2012 жылғы шілде айындағы мәлімет бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 51 068 теңге деп белгіленді. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,8 пайызға, ақылы қызметтер құны 5,2 пайызға қымбаттаған. Баспасөз мәслихаты кезінде Илихан Смайылов елдегі демографиялық ахуалдың да жақсарғанын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны