23.10.2012, 17:52 3629

9 айда жалпы ішкі өнімнің деңгейі 5,2 пайызға өсті

"Негізгі салаларды қамтитын және жалпы ішкі өнімнің 68 пайызын құрайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. 9 айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 12,1 трлн. теңгеге өсті. Ол өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 0,5 пайызға жоғары",- деді Үкімет басшысы.

Астана. 23-қазан. Kazakhstan Today - 9 айда жалпы ішкі өнімнің деңгейі 5,2 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін биылғы 9 айдағы әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттің орындалуының қорытындылануына арналған Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.

"Негізгі салаларды қамтитын және жалпы ішкі өнімнің 68 пайызын құрайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. 9 айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 12,1 трлн. теңгеге өсті. Ол өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 0,5 пайызға жоғары",- деді Үкімет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі 1,3 трлн. теңге деңгейінде қалыптасып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны