08.06.2006, 15:43 3545

9 жылда Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам инвестиция салынды - энергетика министрі

АЛМАТЫ. 8-маусым. Kazakhstan Today. 1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың барланған қоры бойынша еліміз дүниежүзінде 15-ші орында.

Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн. текше метрді құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны