05.02.2019, 17:08 8715

Қазақстанда "Айқын кеден" науқаны өткізіліп жатыр

Мәселен, Қытай - тарих тұрғысынан алғанда Қазақстанның ең ірі сауда серіктесінің бірі. Бұл елмен сауда айналымы 51%-ға төмендеген, яғни 2012 жылы 21,8 млрд АҚШ доллары болса, 2017 жылы ол 10,6 млрд АҚШ долларына дейін төмендеген.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - "Нұр Жолы" Кеден және логистика жөніндегі заңды тұлғалар бірлестігі "Айқын кеден" науқанына қатысуда. Бұл - елдің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысындағы маңызды сатылардың бірі.

Науқан "Нұр Жолы" Кеден және логистика жөніндегі құзыретті экономикалық операторлар одағы" ЗТБ және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірік комитеті арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізіліп жатыр. Науқан кезінде мемлекеттік кіріс органдарындағы лауазымды тұлғалардың кедендік операцияларды өткізу барысына қоғамдық бірлестік өкілдері қатысады деп көзделген.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі шағын отандық импортшылардың алақол бәсекелестігі бюджетке түсетін кедендік төлемдер мен салықтарға кері әсерін тигізіп отыр.

Мәселен, Қытай - тарих тұрғысынан алғанда Қазақстанның ең ірі сауда серіктесінің бірі. Бұл елмен сауда айналымы 51%-ға төмендеген, яғни 2012 жылы 21,8 млрд АҚШ доллары болса, 2017 жылы ол 10,6 млрд АҚШ долларына дейін төмендеген. Бұған қоса ҚХР-дан импортталатын тауарлардың құрылымында өзгерістер байқалып отыр, атап айтқанда, импорт құрылымында кедендік құны төмен жалпы халық тұтынатын тауарлар басым түсе бастады (металдардан жасалған бұйымдар - 24%, тұрмыстық тауарлар - 14%, пластмастан жасалған бұйымдар - 9%, ыдыс-аяқ - 8% және т.б.). Сонымен қатар, көп салықты әкелетін тауарлардың үлесі 2018 жылы 1%-ды құраған, бұл кедендік төлемдер мен салықты төлеуден жалтару мақсатында кеден құнының төмен көрсетіліп, декларацияның дұрыс толтырылмайтындығын айғақтауы мүмкін.

Бұл мәселені сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кәсіби деңгейін көтеру және мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуі арқылы ғана шешуге болады.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес кедендік органдар және бизнес-қауымдастық арасындағы серіктестік шарттарының бірі - сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына осы мәртебені беру.

Кедендік одақтағы құзыретті экономикалық оператор - бұл кедендік органдардың сенімінен шыға алған және арнайы жеңілдетілген рәсімдерді қолдануға мүмкіндік алған заңды тұлғалардың нақты бір санаты.

Жағдайды жақсарту және ағымдағы мәселелерді бірлесе шешу үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы кеден және логистика мәселелері жайлы диалог құруға мүмкіндік беретін тұғыр ретінде Құзыретті экономикалық операторлар одағын құру жөнінде бастама көтерді. Осылайша 2018 жылдың қарашасында "Нұр Жолы" Кеден және логистика жөніндегі заңды тұлғалар бірлестігі құрылды.

Бастаманы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті қолдады.

2018 жылдың 14 желтоқсанында Мемлекеттік кіріс комитеті платформасында сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының отырысы өтті.

2018 жылдың 19 желтоқсанында "Нұр жолы" Одағы және Мемлекеттік кіріс комитеті арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оны жүзеге асыру жөніндегі жоспар бекітілді.

Одақ алдына қойылған басты міндеттердің бірі - кедендік төлемдер мен салықтардың жиналуын арттыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы "көлеңкелі" импортты жою.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Жоспар жүзеге асырыла бастады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны