Система Orphus

Сандуғаш Кенжебаева ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды

18.04.2019, 23:26 16174

Нұр-Сұлтан. 18 сәуір. Kazakhstan Today - "Қазақстанның даму банкі" АҚ ("Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) Басқармасы төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ Басқарушы директоры қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева сайланды. Тиісті шешімді ағымдағы жылғы 10 сәуірде Банк Директорлар кеңесі қабылдады. С.Кенжебаева ҚДБ Басқармасының мүшесі ретінде осы атқарушы органның ағымдағы жылғы 16 сәуірдегі отырысында ұсынылды.

С.Кенжебаева жаңа лауазымында тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологияларды, бизнес-процестерді дамыту, сондай-ақ әдіснама және модельдеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

С.Кенжебаева ҚДБ-да 2008 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, ол фронт-менеджер, кредиттік талдаушы, бас фронт-менеджер, Жобалау дирекциясы басшысының орынбасары, Жобалау дирекциясының басшысы, Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі қызметтерін атқарды. 2017 жылғы қаңтарда С.Кенжебаева "Еуразиялық Даму банкі" АҚ-ға атқарушы директор позициясына шақырылды, ал 2017 жылғы желтоқсаннан бастап ҚДБ-ға Басқарушы директор лауазымына қайта оралды.

С.Кенжебаева 1975 жылғы 1 сәуірде туған. 1996 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (ҚазЭУ, бұрынғы Халық шаруашылығы институты) ("Қаржы және кредит" факультетін) "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірді. Кәсіби қызметін "Тұранбанк" ААҚ-да тағлымданушы болып бастаған С.Кенжебаеваның банк саласында мол тәжірибесі бар. ҚДБ-ға келгенге дейін С.Кенжебаева 1997 - 2008 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР Статистика агенттігінде, "Нұрбанк" АҚ-да, "Астана-Финанс" АҚ-да жұмыс істеді.

"Қазақстанның даму банкі" АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның құрылымына кіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны