07.06.2019, 23:40 10108

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойылды

Құжатқа ЕАЭО және ҚХР елдерінен - премьер-министрдің орынбасарлары, ЕЭК атынан - ЕЭК Алқасының төрағасы қол қойды.

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай ЕАЭО мен ҚХР кедендік шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпараттармен алмасуға келісті.

Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа ЕАЭО және ҚХР елдерінен - премьер-министрдің орынбасарлары, ЕЭК атынан - ЕЭК Алқасының төрағасы қол қойды.

Қазақстан Республикасының атынан Келісімге қол қоюға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

Аталған Келісімнің мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады.

Осы құжатқа қол қою ЕАЭО және ҚХР кедендік аумағына әкелінетін тауарларға, сондай-ақ транзитпен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізуді жеделдетуге; тәуекелдерді басқару сферасында тиімділікті арттыру және кедендік бақылау нысандарын жетілдіру үшін ақпарат алмасу барысында алынған тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы деректерді пайдалануға мүмкіндік береді; қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тараптардың мүдделерін қозғайтын, кедендік бақылаудан жалтарумен әлеуетті қауіпті, тыйым салынған және шектелген тауарларды әкелуге байланысты тәуекелдерді және басқа да тәуекелдерді төмендету.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны