Система Orphus

Қаржы министрлігі өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар 8 АЕК көлеміндегі айыппұл төлейтіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды

23.09.2019, 19:04 31159

Нұр-Сұлтан. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын а.ж. 1 қазанына дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.

Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.

Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны