25.09.2019, 10:25 31755

Алматы облысында Қазақстан кремнийі негізінде жасап шығарған фотоэлектрлі модульдерден тұратын Күн электр станциясы пайда болды

Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталды. Жоба Қапшағай қаласында жұмыс істеп тұрған, қуаты 2 МВт күн электр станциясы инфрақұрылымының базасында жүзеге асырылды.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының (КЭС) құрылысы аяқталды. Станция "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілеріне қосылған, таяу арада "ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС-ға электр энергиясын босатуды бастайды. Жобаны "Samruk-Green Energy" ЖШС - қазақстандық электр энергетикалық холдинг "Самұрық-Энергоның" құрамындағы компания іске асырды.

Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталды. Жоба Қапшағай қаласында жұмыс істеп тұрған, қуаты 2 МВт күн электр станциясы инфрақұрылымының базасында жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 МВт КЭС 2013 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріліп, сол кезде Қазақстан Республикасындағы өндірістік ауқымдағы алғашқы күн электр станциясы болатын. 2 МВт КЭС Еуропада жасалған 7995 фотоэлектрлі модульден тұрады. Станцияның ерекшелігі - мұнда трекерлік (күннің бағыты бойынша қозғалатын) қондырғылар пайдаланылады. Іске қосылғалы бері 2 МВт КЭС 16 млн. кВт*сағ. электр энергиясын өндірді.

Жаңа станцияны салған кезде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында,қазақстандық компания "Astana Solar" ЖШС Қазақстан кремнийі негізінде жасап шығарған фотоэлектрлі модульдер пайдаланылды.

0,4 МВт КЭС-те әрқайсысының қуаты 245 Вт болатын, поликристалл типтегі 1694 фотоэлектрлі модуль орнатылған. Фотоэлектрлі модульдер еңкею бұрышы 30 градус етіп бекітілген темір құрылғыларға орнатылған. Тұрақты токты ауыспалы токқа айналдыру Германияда жасалған, әрқайсысының қуаты 75 кВт болатын 6 инвертордің көмегімен іске асырылады. "Samruk-Green Energy" ЖШС-нің мамандары атап өткендей, ЖЭК-тің жаңа нысаны Қазақстанда "таза" электр энергиясын өндірудің көлемін арттыруға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға өз үлесін қосады.

Тұтас алғанда, "Самұрық-Энерго" АҚ ЖЭК саласында 2 жобаны іске асырды: Қапшағай қаласындағы 2 МВт КЭС ("Samruk-Green Energy" ЖШС) және Ерейментау қаласындағы 45 МВт ЖЭС ("БЖЭС" ЖШС). Қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингі қазіргі уақытта Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірінде ЖЭК-тің кезекті нысанын құруда. Бұл жерде сөз "Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу" жобасы туралы болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Энерго" АҚ-ның электр энергиясын өндіру нарығындағы үлесі шамамен 30%-ті құрады.

Анықтама:

"Samruk-Green Energy"ЖШС "Самұрық-Энерго" АҚ-тың жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобалдарын іске асыру мақсатында 2012 жылғы 25 қаңтарда құрылған еншілес ұйымы болып табылады.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны