21.10.2019, 12:04 6381

Қызылордада электр энергиясының шекті бағасы төмендеді

"Тарифтік сметалардың орындалу есептеріне талдау нәтижесі бойынша 18 субъектіге 29 уақытша өтемдік тарифтер енгізіліп, 0,1%-дан 88,2%-ға дейін қолданыстағы тарифтері төмендетілді", - дейді Гүлмира Сейітбекқызы.

Қызылорда. 21 қазан. Kazakhstan Today - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары электр энергиясының шекті бағасында төмендеу көрсеткіші байқалатынын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова нақтылап берді.

"Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ-ның электр энергиясын беру қызметінің тарифі төмендетілді. Яғни үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап 1 кВт/сағатқа ҚҚС-сыз 4,932 теңге немесе бекітілген тарифтен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді", - деді Г.Сейітбекқызы.

Мамандар заң аясында тексеру нәтижесіне орай бірқатар мекемлердің заң нормаларын сақтағамандығын айтып отыр. Бұл ретте "2019 жылдың 9 айында 16 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Анықталған заң бұзушылықтардың алдын алу және жою мақсатында 33 нұсқама шығарылып, олардың 24-і орындалған.

"Тарифтік сметалардың орындалу есептеріне талдау нәтижесі бойынша 18 субъектіге 29 уақытша өтемдік тарифтер енгізіліп, 0,1%-дан 88,2%-ға дейін қолданыстағы тарифтері төмендетілді", - дейді Гүлмира Сейітбекқызы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны