02.11.2019, 14:45 16431

Қазақстан Халықаралық бухгалтерлік есеп және есептілік стандарттары жөніндегі үкіметаралық топтың төрағасы болып сайланды

ISAR төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі, бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің директоры Арман Бектұрова тағайындалды. Бұл туралы осы күндері Женевада (Швейцария) өтіп жатқан ISAR 36-шы сессиясында белгілі болды.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Женевада алғаш рет Халықаралық бухгалтерлік есеп және есептілік стандарттары жөніндегі үкіметаралық топтың (ISAR) төрағасы болып сайланды.

ISAR төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі, бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің директоры Арман Бектұрова тағайындалды. Бұл туралы осы күндері Женевада (Швейцария) өтіп жатқан ISAR 36-шы сессиясында белгілі болды.

ISAR БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы ретінде (ЮНКТАД) бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту саласындағы озық тәжірибелермен алмасу үшін және ең өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін жаһандық және инклюзивті форум ретінде құрылды.

ISAR сараптамалық зерттеулермен айналысады, жыл сайын сессиялар мен семинарлар өткізеді, халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибелер мен техникалық көмек жобаларын іс жүзінде енгізуге көмектесетін құжаттар әзірлейді.

Биылғы 36-шы ISAR сессиясының тақырыбы- бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы соңғы жаңалықтар, сондай-ақ ортақ мәселелер мен шешімдер.

Қазақстанда (ТМД елдері арасында тұңғыш рет) қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң қабылданды.

9 жылдық кезеңнен кейін 100 нақты қадам Ұлт жоспары шеңберінде есеп беретін мемлекет қалыптастыру аясында Қаржы министрлігі 2015-2017 жылдарға арналған PEFA әдіснамасына сәйкес Дүниежүзілік банкпен және Еуропалық Одақпен қайта бюджеттік бағалау өткізді. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, бағалаудың 14 критерийі бойынша көрсеткіштер жақсарған (салық салу, қаржылық бақылау, төлемдер және бухгалтерлік есеп жүйелері тиімді жұмыс істейді). Алдыңғы бағалаумен салыстырғанда едәуір ілгерілеу байқалады, дегенменде ашықтық, есеп берушілік және шешім қабылдауға қоғамның қатысуы секілді мәселелер әлі де өзектілігін жойған жоқ. Осыған орай, ҚР Қаржы министрлігі Ұлыбританиямен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жол картасын әзірлеуде.

Сондай-ақ, Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан мемлекеттері үшін тұрақты дамудың өңіраралық орталығын құруды жоспарлап отыр. Орталық Қазақстанда құрылмақ. Бұл туралы Президент Қ.Ж. Тоқаев 2019 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының қолдауымен өткен тұрақты даму жөніндегі форум барысында мәлімдеді.

Бұл бағытта Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ЮНКТАД аясында жұмыс істейді.Осылайша, Қаржы министрлігінің өкілі ISAR ресми мүшесі ретінде тұрақты дамуға ықпал ететін есеп берудің сапасы мен халықаралық салыстырылуын жақсартуға белсенді қатысады.

2015-2016 жж Қазақстанда ЮНКТАД шеңберінде әзірлеген және ISAR қолдану үшін ұсынған әдістнама бойынша корпоративті есептіліктің инфрақұрылымы бағаланды.

Бағалау нәтижелері бойынша корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымын жақсарту бойынша, бухгалтерлік есеп пен аудит саласында бақылаушы орган құру, сонымен қатар бухгалтерлер мен аудиторлардың ұлттық сертификаттауын халықаралық білім стандарттарының талаптарына сәйкес келтіру ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны