11.11.2019, 13:39 7530

Ақмола облысында күн электр станциясының құрылысын үш жылда салу көзделiп отыр

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келесi форум бiзде, Көкшетауда өтетiндiгiн ресми түрде жариялады. Бiздiң негiзгi мiндетiмiз - осы iс-шараны лайықты өткiзу", - дедi Ермек Маржықпаев.

Көкшетау. 11 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында қуаттылығы 100МВт күн электростанциясының құрылысын үш жылда салу көзделiп отыр. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастықтың XVI Форумы аясында ресейлiк әрiптестермен қол жеткiзiлген келiсiмдердi жүзеге асыру мәселесi қарастырылған аппараттық кеңесте Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев мәлiмдедi.

Омбы қаласындағы форумды ұйымдастырудың жоғары деңгейiн атап көрсетiп, өңiр басшысы облыс орталығында осындай iс-шараны өткiзуге жоспарлы дайындық бойынша мақсаттарды белгiледi. "Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келесi форум бiзде, Көкшетауда өтетiндiгiн ресми түрде жариялады. Бiздiң негiзгi мiндетiмiз - осы iс-шараны лайықты өткiзу", - дедi Ермек Маржықпаев.

Кеңесте облыс әкiмi Премьер-Министр Асқар Маминнiң Целиноград ауданының Родина ауылына және вице-премьер Бердiбек Сапарбаев бастаған үкiметтiк жұмыс тобының Ақмола облысына жұмыс сапарларының нәтижелерi бойынша, сондай-ақ өңiрлiк даму салалары бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi. "Барлық мәселелер бақылауға алынуы және пысықталуы қажет. Жалпы облыс, аудандар, департаменттер тиiмдi жұмыс iстеулерi, "халық үнiне құлақ асатын мемлекет" критерилерiне сәйкес келулерi қажет. Бiз жақсы құжаттарға қол қоя аламыз, сәттi келiсiмдерге қанамыз, ал қарапайым жандар үшiн бұл маңызды емес. Сондықтан мемлекеттiк органдар үшiн ең бастысы - азаматтардың көңiл-күйiне ден қою", - деп қорытындылады облыс әкiмi.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны