26.11.2019, 12:26 14359

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 761 млрд теңге төледі

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1411 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 51% құрайтын 724 жеке меншік клиника да бар.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 761 млрд теңге төледі. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде бөлінді.

"2019 жылдың 15 қарашасындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 761 млрд теңге төленді. Бұл тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 81,06 % проценті", - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ермек Пірімбетов.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 938,9 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14 пайызға артық.

"Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті", - деді Ермек Пірімбетов.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1411 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 51% құрайтын 724 жеке меншік клиника да бар.

Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны