26.11.2019, 12:29 19710

Қаржы министрлігінде азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті

Бірінші вице - министр мәселені шешудің екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі-автокөлік құралдарын тіркеу бөлігінде халықаралық құқықтық актілерге талдау жасау. Екіншісі - салық заңнамасына өзгерістер енгізу туралы экономика министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізу.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні аясында халықтың түрлі мәселелері бойынша шағымдары мен өтініштерін тыңдап, бақылауға алды.

Мәселен, қабылдауға Нұр-Сұлтан қаласынын тұрғыны Мария Джиешева келді. Зейнеткер үлестік құрылысқа тұрғын үй құнының 100 пайызын төлеп, бірақ әлі күнге дейін салушыдан пәтер ала алмауда.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша М. Джиешеваның өтініші қабылданды, әрі қарай Қаржы министрлігі алаяқтық фактісі бойынша құрылыс салушылармен шартты зерделеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне және Мемлекеттік кіріс комитетіне өтініш жіберу туралы сұрақтар пысықталатын болады.

Жеке кәсіпкер Берімбай Берімбайұлы автокөлік құралдарын бастапқы тіркеуден босату мәселесін көтерді.

Бірінші вице - министр мәселені шешудің екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі-автокөлік құралдарын тіркеу бөлігінде халықаралық құқықтық актілерге талдау жасау. Екіншісі - салық заңнамасына өзгерістер енгізу туралы экономика министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізу.

Сондай-ақ, азаматтарды қабылдауда мемлекеттік сатып алуды өткізу, қаражатты қайтару және т. б. мәселелер көтерілді.

Кейбір мәселелер қабылдау кезінде шешілді, басқалары жан-жақты зерделенеді, пысықталады және Қаржы министрлігі басшылығының назарынан тыс қалмайды.

Әрбір өтініш бойынша тиісті тапсырмалар берілді, олардың орындалуын Қаржы бірінші вице-министрі жеке бақылауда ұстайтын болады. Мұндай жұмыс форматы азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін оңтайлы болып табылады,- деп есептейді Қаржы министрлігі.

"Бұл барлық адамдар үшін пайдалы және перспективалы формат, өйткені жеке мәселелерді шешу кезінде көптеген тұрғындарға қатысты басқа да өзекті мәселелер анықталады", - деді Б. Шолпанқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 21 қарашасында Қазақстанда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні болып өтті, оның барысында орталық мемлекеттік органдардың, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, әкімдіктердің бірінші басшылары осы немесе басқа мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін жеке қарап, мәселелерін тыңдады.

Азаматтармен ашық өзара іс-қимыл жасауға бағытталған мемлекеттік органдар жұмысының жаңа форматтары Мемлекет Басшысы қойған естілетін мемлекет тұжырымдамасы жалпы республикалық акция шеңберінде өткізіледі.

Іс - шараның негізгі міндеті - билік органдарының халықпен тікелей диалог орнатуға деген ұмтылысын көрсету, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттау, сол арқылы халықтың мемлекеттік органдарға арыз-шағымдары мен шағымдарының санын азайту.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны