Система Orphus

АӘК алатын отбасылардың балалары кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға ие болады

11.01.2020, 17:03 9478

Алматы. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында (бұдан әрі -ХЖҚО) және елорданың аудандық әкімдіктеріндегі жұмыспен қамту бөлімдерінде болып, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындау үшін құжаттарды қабылдау барысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Еңбекминінің басшысы бірінші кезекте "бір терезе" қағидаты негізінде 70-тен астам қызмет түрлерін ұсынатын Жанұя отбасылық қолдау орталығында болды. Осыдан кейін олар Халықты жұмыспен қамту орталығы мен елорданың аудандық әкімдіктеріндегі жұмыспен қамту бөлімдерінің жұмысымен танысты, мұнда Нұр-Сұлтан тұрғындары АӘК тағайындау үшін құжаттар тапсыра алады.

"Азаматтарға АӘК және көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау ережелерін түсіндіру, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Егер адамдарда қосымша сұрақтар туындаса, басқа мемлекеттік органдардан мамандарды тарту және сол жерде осы мәселелерді шешу қажет. Ешқандай толқу болмауы керек", - деп тапсырды Сапарбаев.

"Жанұя" орталығының, Халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамту бөлімдерінің қызметкерлері құжаттарды қабылдау жұмыстары әдеттегідей жүріп жатқанын хабарлады. Халық тарапынан ешқандай толқу жоқ.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, еліміздің басқа өңірлерінде ХЖҚО-да АӘК ресімдеуге ниет білдірген азаматтардың көп келуі байқалмайды.

"АӘК тағайындауға өтініш білдірген қазақстандықтар жаңа жылдық мерекелерден кейін дереу жұмыспен қамту орталықтарында құжаттар тапсыруға және кезекке тұруға уақыт жетпейді деп алаңдамауы керек. Өткен жылдың желтоқсан айында елдің барлық өңірлерінде АӘК төлемдері алдын ала жүзеге асырылды, оны азаматтар қаңтарда алуы тиіс. Енді осы айдың ішінде адамдар құжаттарды оңай тапсыра алады. АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкес келетіндердің барлығына қаңтар және ақпан айлары үшін төлемдер төленеді", - деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев Халыққа қызмет көрсету орталығына барды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді, олар: атаулы әлеуметтік көмекті әр тоқсан сайын тағайындау; АӘК тағайындаудың бұрын қолданыстағы шекті өлшемін сақтау - отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа кіріс күнкөріс деңгейінің 70%-ынан кем болуы керек; отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшерін жан басына шаққандағы кіріс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде анықтау; учаскелік комиссиялардың осы процестегі рөлін арттырумен отбасының материалдық жағдайына зерттеу жүргізу мерзімін 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайту.

Сонымен қатар, АӘК алатын отбасылардың балалары кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға ие болады.

Сонымен, 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардың балалары азық - түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны