13.01.2020, 18:25 10997

Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнына мониторинг жүргізілуде

Қысқы маусымда қаладағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімін алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнына мониторинг жүргізілуде.

Қысқы маусымда қаладағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімін алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бас қаланың сауда нүктелерінде жүргізілген мониторинг негізінде "Астықжан" және "КеңМарт" сауда орталықтарында картоп пен сәбіздің бөлшек саудадағы бағасы - 78 теңгеден, пияз - 73 теңгеден, қырыққабат - 93 теңгеден белгіленді. Белгіленген бағалар қаладағы "Шарын", "Алаш" секілді ірі базарлардың орташа көтерме бағасына сәйкес келеді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және басқарма бақылауына алынған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны