Система Orphus

АӘК жаңа тетігі аясында жұмысқа орналасудан бас тартқан еңбекке қабілетті адамдар АӘК-дан 6 айға айрылады

16.01.2020, 14:44 13825

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan Today - ШҚО облыс әкімдігінде кеңейтілген аппараттық кеңес барысында ШҚО бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды. 2019 жылдың басынан 18500-ден астам отбасы, соның ішінде 6104 көп балалы және 12400 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап облыстың барлық 19 аудан және қалаларында АӘК тағайындау үшін құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарына 4400-ден астам адам кеңес алды, 637 өтініш учаскелік комиссияға жіберілді. Жалпы, 2020 жылдың І тоқсанында облыста 70 мыңға жуық адам АӘК алады деп жоспарлануда.

- Барлық 19 қала мен аудандарда 2019 жылы АӘК алған, бірақ 2020 жылы АӘК аясына түспейтін отбасылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 258 ақпараттық топ құрылды, - дейді басқарма басшысы Жасұлан Сәрсебаев. - Қазіргі уақытта облыс бойынша түсіндіру жұмыстарымен 3581 отбасы қамтылған, оның ішінде 2038 аз қамтылған және 1543 көп балалы отбасы.

Аймақ басшысы ШҚО-да қазіргі уақытта жұмыссыздықпен күресу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Бұл өз бизнесін ашу үшін гранттар бөлу, төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беру.

- Облыста әрбір мұқтаж отбасына тиімді әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа, еңбекке ынталандыру жасау, халықты жұмыспен қамту жағдайларын қарастыру және соның салдарынан кедейшілік шегін қысқарту қажет. Бұл шешілуі тиіс басты міндеттердің бірі, - деді Даниал Ахметов.

Айта кету керек, АӘК жаңа тетігі аясында жұмысқа орналасудан бас тартқан еңбекке қабілетті адамдар АӘК-дан 6 айға айрылады. Сондай-ақ, келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жарты жылға тоқтатылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны