03.03.2020, 23:08 24171

Кәсіпкерлер Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясына шағымдануда

Осы және өзге де сұрақтар Алматы қаласы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралады.

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлер Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясына шағымдануда.

Кәсіпкерлердің айтуынша, инспекция қызметкерлері шетелдік рұқсат бланкіні беру туралы өтініштерін заңсыз түрде қабылдамауда. Бұл бланкі қазақстандық тасымалдаушылардың шетелге шығуы үшін қажет.

Сонымен қатар, инспекция тарапынан халықаралық көлік құралымен жүруге рұқсат алудың жаңа тәртібі енгізілді. Енді автокөлік құралдарының нөмірлерін беру кезінде, ол рұқсат беру құжатына енгізілетін болады, соның нәтижесінде құжаттарды ресімдеуде және қолына беруде қателіктер мен кідірістер пайда болуда, онсыз шығу мүмкін емес.

Осы және өзге де сұрақтар Алматы қаласы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны