06.04.2020, 17:06 6719

Жамбыл облысында ТЖ кезінде коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді

Қордай ауданының тұрғындары үшін "Қордай-Су" КМК-ы сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3 үшін 57,23 теңгеден 54,36 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендеті

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында ТЖ кезінде коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 23 наурызында короновирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналысында берген тапсырмасын орындау мақсатында, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне халық үшін келесі коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді:

Қордай ауданының тұрғындары үшін "Қордай-Су" КМК-ы сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3 үшін 57,23 теңгеден 54,36 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендеті;

Тараз қаласы тұрғындары үшін "Таразэнергорталық" АҚ-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1Гкал үшін 3258,49 теңгеден 3103,32 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 1497,34 теңгеден 1426,03 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті;

Шу ауданының тұрғындары үшін "Шу-Жылу" КМК-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 2672,15 теңгеден 2429,22 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 10%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 1923,64 теңгеден 1748,76 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 10%-ға төмендетті;

Тараз қаласы тұрғындары үшін "Жамбыл-Жылу" КМК-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 3422,88 теңгеден 3259,88 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 2701,24 теңгеден 2572,61 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті;

Шу ауданының тұрғындары үшін "Теміржолсу-Шу" ЖШС-ы сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3 үшін 25,36 теңгеден 24,15 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, сарқынды суды бұру қызметіне 1 м3 үшін 5,25 теңгеден 5 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті;

Қаратау қаласы тұрғындары үшін "ИГІЛІК" МКК-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 2030,38 теңгеден 1933,69 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 1695,94 теңгеден 1615,18 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, сумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 1695,94 теңгеден 1615,18 теңгеге ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 15,13 теңгеден 14,41 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті;

Жаңатас қаласы тұрғындары үшін "Жаңатас-Су-Жылу" КМК-ы есептеу аспапсыз жылумен жабдықтау 1 Гкал 2252,77 теңгеден 2140,1 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 1068,58 теңгеден 1015,2 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, сумен жабдықтау қызметіне 1 м3 үшін 41,75 теңгеден 39,67 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, сарқынды суды бұру қызметіне 1 м3 үшін 59,09 теңгеден 56,13 теңгеге ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны