10.04.2020, 22:55 6179

Қазақстан ОПЕК + елдерін диалогты қайта бастауға шақырды

9 сәуірде, ОПЕК+ форматындағы министрлер вебинары барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде мұнай өндіруші елдер арасындағы диалогтың қайта басталуы маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан ОПЕК + елдерін диалогты қайта бастауға шақырды.

9 сәуірде, ОПЕК+ форматындағы министрлер вебинары барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде мұнай өндіруші елдер арасындағы диалогтың қайта басталуы маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері бейнеконференция форматында өтті. Өз сөзінде ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстан сындарлы диалогтың жақтаушысы болғанын және болып қала беретіндігін атап өтті.

- ОПЕК+ форматындағы мұнай өндіруші елдер арасындағы диалогты қайта бастау маңызды оқиға болып табылады және бүгінгі отырыс әлемдік мұнай индустриясы тарихында өз орнын алады деп есептеймін, - деді Ноғаев. - Ғаламдық экономикалық өсімнің баяулауы жағдайында мұнайға деген сұраныстың төмендеуі бағаның одан әрі төмендеуіне, сонымен бірге әлемдік мұнай өндірісінің төмендеуіне жағдай жасайды. Негізгі мұнай өндіруші елдер арасында үйлесімді іс-қимылдың болмауы онсыз да күрделі жағдайды қиындата түсуде.

Министр Қазақстан ОПЕК + келісімінің қатысушысы бола отырып, әрқашан өз міндеттемелерін орындағанын атап өтті.

- Біз алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Бұл ретте, әлемдік мұнай нарығындағы байқалған теңгерімсіздік тек ОПЕК + елдерінің күш-жігері жеткіліксіз болатынын және жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын талап ететінін көрсетіп отыр, - деді Нұрлан Ноғаев. - Біз өз кезегімізде бүгінгі күн тәртібінің өзектілігін түсінеміз және мұнай өндіруді жалпы қысқартуға қатысуға дайынбыз.

Он бір сағатқа созылған келіссөздер нәтижесінде тараптар қандай да бір келісімге келе алған жоқ. Қазақстан өз кезегінде алдағы уақытта мұнайды өндіру көлемін қысқарту бойынша коллективті ортақ шешім қабылданады деп үміттенеді, бұл шара өз кезегінде мұнай индустриясына оң әсерін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны